Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының киелі аспабы – домбыраның тарихи-рухани маңызын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, күй өнері мен дәстүрлі музыканы кеңінен таныту және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазағымның үні сенсің - домбыра» мерекелік шара өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың қасиетті қара домбырасының шығу тарихы, ұлттық мәдениетіміздегі орны мен рухани құндылығы жайында кеңінен мәлімет берілді. Бағдарлама аясында домбыра тақырыбына арналған әндер шырқалып, ұлттық өнерді дәріптейтін өлеңдер оқылды. Сонымен қатар қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында домбыра тарихы мен күй өнеріне арналған қызықты викториналық сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік жасалды.
Мерекелік шараның ерекше сәттерінің бірі – «Inju» өнер білім орталығы «INJU» домбырашылар ансамбльі «Адай», «Балбырауын», «Ер-Тұран» халық күйлерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, қазақтың қастерлі домбырасы – халқымыздың рухани мұрасы, елдік пен бірліктің символы екендігін ерекше атап өтті. Осындай тағылымды шаралар ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға зор үлес қосады.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=12#sigProGalleriac129757a2f
6 шілде – Елорда күніне орай №13 балабақшаның тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Астана – бала қиялында» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндерді еліміздің жүрегі, мақтанышы – Астана қаласының тарихымен, көрікті жерлерімен таныстырып, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Шара барысында балалар Астана қаласының басты нышандары мен сәулетті ғимараттары туралы қызықты мәліметтер тыңдап, елорданың әсемдігі туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, жас бүлдіршіндер өз қиялындағы Астананы бейнелеп, асфальтқа түрлі-түсті бормен Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік және Келісім сарайы, зәулім ғимараттар мен гүлденген саябақтардың суреттерін салды. Әрбір суреттен балалардың шығармашылығы, туған елге деген ыстық ықыласы мен арманы айқын көрінді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=12#sigProGalleria51e586b9ed
«Кітап – табысқа апарар дара жол» жобасы аясында, оқырмандарға қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолын, пайдасын түсіндіретін, жас кәсіпкердің ісі арқылы еңбекқорлыққа және кітап оқуға ынталандыру мақсатында кездесу өтті.
Кеш қонағы ұмытылып бара жатқан «Әсіп» тағамын заманауи брендке айналдырған Абжапарова Айгерім. Іс-шара барысында жас кәсіпкер өз тәжірибесімен бөлісті. Оның ішінде әсіп өндірісіне ерекше тоқтап, оқырмандарды қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, қымыз ашытудың қыр-сырымен, шұбаттың денсаулыққа пайдасы туралы ой бөлісті.
«BOOKDATING» жобасы кітап оқуға негізделгендіктен, кеш қонағы өзінің тұлға болып қалыптасуына және бизнесті жүргізуіне әсер еткен кітаптарды айтып, оқырмандарға оқуға ұсынды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=12#sigProGalleriaa6cdb7b82e






