Сайтта кім бар

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1486206
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
793
966
2862
9229
28154
1450339
1486206
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 22-07-2026 21:25:28

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының киелі аспабы – домбыраның тарихи-рухани маңызын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, күй өнері мен дәстүрлі музыканы кеңінен таныту және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазағымның үні сенсің - домбыра» мерекелік шара өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың қасиетті қара домбырасының шығу тарихы, ұлттық мәдениетіміздегі орны мен рухани құндылығы жайында кеңінен мәлімет берілді. Бағдарлама аясында домбыра тақырыбына арналған әндер шырқалып, ұлттық өнерді дәріптейтін өлеңдер оқылды. Сонымен қатар қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында домбыра тарихы мен күй өнеріне арналған қызықты викториналық сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік жасалды.

Мерекелік шараның ерекше сәттерінің бірі – «Inju» өнер білім орталығы «INJU» домбырашылар ансамбльі «Адай», «Балбырауын», «Ер-Тұран» халық күйлерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, қазақтың қастерлі домбырасы – халқымыздың рухани мұрасы, елдік пен бірліктің символы екендігін ерекше атап өтті. Осындай тағылымды шаралар ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға зор үлес қосады.

Кликните, чтобы увеличить изображение 01.jpg

Кликните, чтобы открыть изображение!

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2502-2026-07-05.html#sigProGalleriac129757a2f
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: