Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында «Елін қорғау – Ерге серт» ерлік сағаты № 49 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы отан қорғаушылардың ерліктері туралы айтып, бейнеролик көрсетті. Оқырмандар өздерінің ойларын бөлісе отырып, мерекеге арнап патриоттық әндер орындады. «Ерлер – жердің қорғаны, елдіктің тұтқасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=412#sigProGalleria9b299036f8
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Шәкен Ниязбековтың жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында» атты кездесу кешіне әріптесіміз мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы Есенбаева Рая Амандыққызы Шәкен Ниязбековтың өмірі, шығармашылығы және марапаттары туралы баяндама оқыды.
Кездесу кешінде Ш.Ниязбеков туралы бейнебаян көрсетіліп, оқырмандар өздеріне керекті мәліметтер алды. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/?start=412#sigProGalleriab15d5be8d7
Оқырмандарға белгілі қаламгер, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіковтың өмірі мен қызметін таныстыру және шығармашылығына оқырмандардың қызығушылығын, педагогикалық-психологиялық идеяларын насихаттау арқылы оқырмандардың кітапқа, поэтикалық сөздеріне деген қызығушылығын ояту, туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында «Заманының заңғар тұлғасы» тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Төлен Әбдіковтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат берілді.
Тақырыпқа сай бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Іс-шара соңында оқырмандар Төлен Әбдіков шығармаларынан үзінділер оқып қорытындыланды.
Оқырмандар өздеріне керекті ақпарат алды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=412#sigProGalleria47427ae034
Отбасылық кітап оқу мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру және оқырмандарды кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандарға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «кім жүйрік» ойыны ойнатылып, «Жақсы көрем», «Ерасыл», «Еркеш Еркебұлан», «Қандай болып өсемін», «Менің атам», «Қара қуыстың желі» және т.б кітап көрмесі ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=412#sigProGalleriaedb0af9e50