Кітапхана – биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы
Кітапхана - балалар мен жасөспірімдерге білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау әрі дамыту баршамыздың парызымыз бен мүмкіндігіміз. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жас ұрпақтың ақпараттық, мәдени және қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен үнемі үндесіп отыруы қажет десек, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының тарихына үңі-ліп, жыл сайынғы деректерге жүгінейік.
1958 жылдың сәуірінде құрылған облыстық балалар кітапханасы және 1978 жылдың қыркүйегінде құрылған облыстық жасөспірімдер кітапханасының 1996 жылдан мирасқоры болып табылатын кітапхана тарихының жарты ғасырдан асқан сара жолында алғашқы болып Сунгурова Тамара Тимофеевна 1973 жылға дейін басқарса, 1973 жылдан бастап 1996 жылға дейін Дамира Қурбангалиева басқарды.
Ал, 1978 жылы ашылған облыстық жасөспірімдер кітапханасын 1980 жылға дейін жоғары білімді Жангужинова Валентина Николаевна басқарса, 1980-1996 жылдарда белгілі Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы жоғары білімді Жақсыбаева Әлия Төлеубекқызы басшылық етті.
1996 жылы біріккен екі кітапхананың мирасқоры Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасын 1996 жылдан 2005 жылға дейінгі уақытта жоғары білімді Дамира Қурбангалиева басқарды.
2005-2009 жылдары кітапхананы Джанболатова Гульжан Азимханқызы басшылық жасаса, 2009-2016 жылдары Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы басшылық етті.
1958-1973 жж. |
|
1973-1996 жж. |
|
1980-1996 жж. |
|
1996-2005 жж. |
|
2005-2009 жж. |
|
2009-2016 жж. |