Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 80 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1155345
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
217
418
2934
5566
8811
1129915
1155345
Ваш IP: 18.97.9.175
Время на сервере: 13-12-2024 09:46:18

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Басқа пайдаланушы арналған әдебиеттер-2024

кітап атауы

кітап мазмүны

1

Жәлелұлы О. Харекет. Монография. Зерттеу мақалалар. Құраст. E. Зайтхан, E. Қашқынов. - Алматы: «BRK Press», 2020. - 553 бет.

Кітапқа Абайдың «Адам бол - мал тап» қағидатына негізделген, адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмыс-бітімін, ар-абыройын сақтап қалудың жолдарын нұсқайтын «Еңбек - рух» атты монография мен қазақы дүниетанымның қайнарынан қанып ішкен ғұламалар (Ясауи, Бұқар жырау, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкерім) шығармаларындағы Жаратушы мен пенденің, пенде мен дүниенің, пенденің өз-өзімен қарым-қатынас табиғатын тануға ұмтылған ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген. Кітап қазақ руханиятына қызығушы жалпы көпшілікке арналады.

2

Әлімжан Е.А. Алтын жүлге жыры: Роман / Елен Әлімжан – Алматы : «Дәуір» , 2022 – 288 б.

Белгілі жазушының Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» атты жаңа романы қазақ әдебиетінде көп көрініс бермеген гуманитарлық сала ғалымдарының ұшында жүріп жазған еңбектерінің талан-тағдырын арқау еткен интеллектуалды туынды. Бас кейіпкері ғалым Мекемтас Мырзахметұлының Абай мұрасын тұрпайы социологиялық тұрғыда бағалаушылармен күресе жүріп, ұлы ақынның толық адам ілімін ашуы, қазақтың қалай орыстандырылғанытуралы өз еңбегін жарыққа шығара алмауы, 1986 жылғы желтоқсаншыларды ақтау әрекеттері көркем тілмен қызғылықты бейнеленеді. Кітап барша оқырман қауымға арналған.

3

Жуманова 3. Запах дождя. Повести и рассказы / Заря Жуманова. Перевод с каз. А. Ахетова. - Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2021. - 248 стр.

Автор предлагаемой читателю книги рассказывает о непростых и интересных судьбах своих современников. Через ее книгу вы сможете взглянуть на прекрасный мир глазами женщин. Мы надеемся, что ни одно из произведений, написанных женщиной с тонкой душой, не оставит .равнодушным вдумчивого читателя.

4

Әлімақын Д. .Табалдырық: Мақалалар мен сұхбаттар / Дүйсенәлі Әлімақын. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2022. - 256 б.

Бұл кітапқа ақын, журналист Дүйсенәлі Әлімақынның танымал қазақ қаламгерлері, мәдениет және өнер қайраткерлерімен және әлемге белгілі шетел ақын-жазушыларымен, Нобель әдебиет сыйлығына үміткер ақындармен ағылшын тілінде жасаған сұхбаттары, олардың еңбектері туралы жазған танымдық мақалалары, Нобельдік дәрістер топтастырылған. Кітап - қазіргі қазақ әдебиеті мен жаһан әдебиетінің бүгінгі жай-күйі, тынысы, беталысы туралы сыр қозғайды.

5

Асқаров Ә.Қиғаш хикаясы: Әңгімелер // Әлібек Асқаров. - Алматы: Раритет, 2018. - 632 б.

Жазушының жаңа жинағына кезінде оқырман қауым жақсы қабылдаған «Әйел парасаты», «Социализм әңгімесі», «Аңшы хикаясы» топтама туындылары, «Сафари жазбалары» атауымен жолжазба эссе- лері, сондай-ақ әр жылдарғы таңдамалы әңгімелері енгізіліп отыр. Кітап жалпы оқырман көпшілікке арналады.

6

АЙМҰХАМБЕТ Ж. Сөз өнеріндегі мәтін мен шығарма кеңістігі: Монография./ Жанат Аймұхамбет. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2023. 384 бет.

Бұл монографияға фольклортану және әдебиеттану салаларындағы зерттеулер енгізілген. Мәтін, шығарма мәселесі, мифологизм, мифопоэтика туралы ғылыми талдаулар мен тұжырымдар еңбектің негізгі өзегіне алынған. Монография әдебиеттанушыларға, білім алушыларға арналған.

7

Телеуова 3. Бет перде: Шытырман оқигалы көркем әдебиет / Зияш Телеуова. Алматы: «Дәуір», 2022. - 256 б.

Автордың бұл жинағына «Бет перде», «Ен әдемі қылмыскер» және «Бермут үшбүрышы» деп аталған шытырман оқиғалы хикаяттар топтастырылған, Шығармалардың сюжеттері шымыр, оқиға желістері сенімді, тіл оралымы онтайлы. оқырманын бейжай қалдырмайды. Заманауи оқиғалар желісіне құрылған шығармалардың қай-қайсы да оқырманын бейжай қалдырмайды.

8

Телеуова Зияш Көл жағалауындағы көмбе хикаят Заманауи әдебиет/Телеуова Зияш Алматы, Балалар әдебиеті 2023 -192 бт.

Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғалы шығарма жеңіл оқылады. Үш бала бір қыздан құралған детектив тобы айналадағы түрлі құбылыстарға сергек көзбен қарауларының, тапқырлықтарының арқасында қоғамға жат құбылыстармен күресіп, өздері аңғарған заңға қайшы қылықтарды ашуға үлес қосады.

9

Мәжитов М. Бәйшешек жапырағы. Әңгімелер / Марат Мәжитов. - Алматы: © ЖШС РПБК «Дәуір», 2020

Жазушының бұл кітабына негізінен тәуелсіздік жылдарда жазылған әңгімелері топтастырылған. Жинақтағы әңгімелердің түр-мазмұны ауыл өмірін, ауылдағы адамдардың еңбек сипаты мен бүгінгі-кешегі күндердегі жасампаздықты суреттеуде жазушы ерекше тың әдістерді қолданады. Тіл шеберлігі, оқиғаны құрастырудағы нанымды көріністер оқырманды бей-жай қалдырмай, өрнекті де, өміршеңдікке ұмтылдырады. Сөйтіп, әңгіме жанрының өрістеуіне өз үлесін қосады. Шығарманың өнбойында адамдардың өзара түсіністіктігі, қимыл-қозғалысы, тіршілік-тынысы айқын да, анық көрсетіледі.

10

Мамырбаева Д. Жетім құлын: Хикаяттар, әңгімелер / Ділдәр Ма- мырбаева. - Алматы: «Алаш» баспасы», 2017. - 288 бет.

«Жетім құлын» - Ділдәр Мамырбаеваның бесінші кітабы. Рухани кемелдену мәселесі адамның ішіне үңілуден басталады. Барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде. Адамның парасат дәрежесі көтерілген сайын оның ішкі арпалысы, ішкі қайшылығы жиілейді. Ішкі таразы қай жаққа басым түседі? Оған ой-сезім әлемі бағына ма? Ділдәрдың әңгімелеріндегі кейіпкерлер осы төңіректе ойланатын жандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.

11

Мағауин М. Көк мұнар. Роман. - Алматы: Атамұра, 2020. - 256 бет.

Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің «Көк мұнар» романындағы еркін ойлы, өр мінезді, білімді жас ғалымның арман-мұраты мен ғылыми ортасы және бастан кешкен сезім толғаныстары оқырманын бейжай қалдырмайтыны анық. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

12

МАҚАТАЕВ МҰҚАҒАЛИ. ӨМІРДАСТАН. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. Алматы, "ҚАЗақпарат", 2015. -232 б.

"Мұқағали Мақатаев соңғы жылдарда өз үні, өз әуенімен қазақ поэзиясына кеп қосылған белгілі лирик ақындарымыздың бірі. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымның ілтифатына ие болды. "Өмірдастан" атты бұл кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктеліп алынды." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы осындай алғысөзбен жарық көрген екен. "Өшеді өлең, немесе көшеді өлең" деп ақынның өзі болжағандай, Мұқағали жырлары уақыт көші алға жылжыған сайын қанатын кеңге жайып, биіктеп барады. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмірдастан" оқырмандарына еш өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр.

13

Есенберлин И. Влюбленные. Роман. / Авторизированный перевод с казахского языка Г. Садовникова. - Алматы: ТОО «Издательство Книжный клуб», 2022. 284 стр.

Роман рассказывает о жизни молодежи Казахстана. Коллизия романа построена на столкновении характеров, а внутренняя жизнь героев, их интересы, творческий труд показывают наших молодых современников как людей нового общества.

14

Жүністегі К. Великий сын степи Едиге / Кәмел Жүністегі. Перевод с казахского Данияра Рашиди. - Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2020. - 280 с.

Роман посвящен легендарному казахскому батыру Едиге, ставшему из рядового воина Улу-бием - правителем Золотой Орды. Герои книги Амир Тимур, Токтамыс, Жалаладдин, князь Витовт, Дмитрий - исторические личности, проживавшие во времена Золотой Орды. Такое легендарное событие, как сражение на реке Ворскле между войском Великого княжества Литовского и его русскими, польскими и немецкими союзниками, с одной стороны, и народным ополчением Золотой Орды во главе с Едиге - с другой, впервые реалистически описано автором романа. Легендарный Едиге-батыр там, где вершится судьба Золотой Орды, где над мечтой народа сгущаются грозные тучи.

15

Балтабай Б. "Жүрек тыныштығы" \ Алматы, 2023 жыл288 бет, суретті, қазақша

Ақылым тасығандықтан емес, жүріп өткен жолымда қателікті көп жібергендіктен кітап шығаруым керек деген ойға беки түстім. Қателік есті адамға сабақ болады. Бұл кітапта жіберген қателіктерімнен қалай сабақ алғанымды жаздым. Қалай өзгергенімді, қалай рухани өсу жолына түскенімді баян еттім. Әр қателігін түзей алған адам әлі де қателік жібермегені. Мен соған сенем. Бәлкім, бұл кітапта сипатталатын жағдайлар оқырманның да өмірін, ойын өзгертуге септігін тигізер?!

16

Ғазали И. Жүрек сырлары (Мукашафатул-қулуб) / ауд. Қ.Сұлтанбекұлы. - Алматы: «Самға» баспасы, 2023. - 440 б.

Бұл еңбек - Ислам ілімімен жүректерге нұр шашқан, ұлы ойшыл Имам Ғазалидің «Мукашафатул-қулуб» (Жүректің сырларын ашу) кітабының қазақша аудармасы. Кітапта мұсылманшылықтың бет- бейнесі, Исламның нағыз жолы көрсетілген. Адам баласына Алла Тағаланың бұйрықтарына лайық түрде қалай өмір сүру керектігін үйретеді. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

17

Кулбаев А.Мүшел жас / Сборник кинопьес. Абай Кулбаев. - Алматы: «Дәуір» , 2022. - 160 с.

Данная книга казахстанского киносценариста Абая Кулбаева, в которую вошли три киносценарии автора, повествует о таких жизненно важных ценностях, как любовь, дружба, преданность и счастье, в противовес которым находятся следующие негативные проявления жизни, как ненависть, враждебность, предательство и горечь бытия. Все три сценария, вошедшие в это издание, «Мүшел жас», «Воровка» и «Холодный жар» - современны и рассказывают о ситуациях, происходящих в привычное и хорошо знакомое для нынешнего читателя время. Книга предназначена для широкого круга читателей, интересующихся современными сценарными произведениями и киноискусством.

18

Жеңісұлы Е. Шуақ: Өлеңдер және әңгімелер - / Е. Жеңісұлы Алматы: «ҚАЗАҚПАРАТ», 2017 - 240 бет.

Ақын Есей Жеңісұлының бұл жинағына автордың заман тынысын, уақыт лебін сездіретін сыршыл да ойшыл өлең-жырлары және бір топ әңгімелері еніп отыр.Жас болса да өзіндік қолтаңбасы қалыптасып қалған қаламгердің туындылары дәуірге үн қосып, шыншылдығымен, шынайылығымен ерекшеленеді. Жинақ әдебиетті қадірлей білетін қалын оқырман қауымға арналған.

19

Муқаш К. Сенің терезең… Хикаят, әңгіме, эссе / Құлтөлеу Мұқаш. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. - 384 б.

Құлтөлеу Мұқаштың бұл жинағына әр кезеңде жазылған кейбір хика-ят, әңгіме, эсселері енгізілді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

20

Раисова Б. Кәусар дүние: Өлеңдер, аудармалар, толғаулар, поэмалар. /Бақытжан Раисова. - Алматы: «Каратау КБ» ЖШС: «Дәстүр», 2017.- 288 б.

Белгілі ақын Бақытжан Раисованың бұл жинағына лирикалық өлендерімен қатар, ел тәуелсіздігіне арналған толғау, поэмалары еніп отыр. Ақынның жырлары шынайылығымен ерекшеленеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

21

Елубаев С. Ақ боз үй. Роман. - Алматы: «Атамұра», 2020. - 24 248 б 48 бет.

Кітапқа кешегі кенестік кезендегі казақ халкының жазылмаған шындығы, айтылмаған тарихы аркау болған. «Ақ боз үй» романы өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық туралы сыр шертеді.

22

Мамырбаева, Ділдәр Сағыныш - сағым ғұмыр-ай : сұхбаттар / Ділдәр Мамырбаева.-Нұр-Сұлтан; Фолиант, 2020. – 128 б.

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының мүшесі Ділдәр Мамырбаеваның «Сағыныш - сағым ғұмыр-ай» атты бұл кітабына ғалым шәкіртінің, ақын, жазушы жарларының, олардың перзенттерінің сүйінішті жүрек құпиялары жайындағы ыстық сыр бөлісулері, естелікке айналған қимас сәттердің суреттері, сәулелі махаббаттын жан толқытқан шақтары жайындағы сұхбаттары, бірегей тұлғалардың жақындарының жарқын сәттері туралы айтқан естеліктері топтастырылған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

23

Раушанов Е. Амал деген айыңыз… / Шығармалар жинағы / Есенғали Раушанов. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2017. - 224 бет

Бұл кітапқа автордың жаңа өлеңдері мен «Аспанға көшіп кеткен ел» микро-поэмасы және «Аида», «Гамлет» атты аудармалары енгізілді.

24

Ақжол Талғатұлы T Менің балам миллионер. - Алматы: «Самға» баспасы, 2023. - 128 бет.

Қолыңыздағы кітап қазақ қоғамындағы әрқашан актуалды мәселе - бала тұлғасын тәрбиелеу жайлы сөз қозғайды. Автор баланың киімі бүтін, бірақ жаны сал болмас үшін қаржылық және тұлғалық өсу ең алдымен ата-анадан басталатынын айтып, мәселенің жан-жақты шешімдерін ұсынады. Кітап отбасы мәселесіне бей-жай қарамайтын барша оқырман қауымға арналады.

25

Тазабек М. Еркем, өмірің болсын көркем. Қызға деген қамқорлықтың қазақша үлгісі. - Алматы, 2023. - 152 бет.

Белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Таза- бектің қазақтың аяулы аруларына арналған бұл кітабы рухани- мәдени құндылықтарға, өмірден түйген ой-толғаныстарына толы. Сонымен қатар болашақ келін, ана, әже болатын қыздарымыздың қаперінде ұстай жүрсе дейтін келелі ойлары енді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

26

Харари Ювал Ноah. Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл. - 368 бет.

Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.

27

Ораз Н. 65 Қыз мұнарасы: Хикаят, әңгімелер, эсселер, этюдтер / Нұрғали Ораз. - Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2020. - 384 бет.

Халықаралық «Алаш» және М.Қашғари атындағы сыйлықтардың лауреаты, белгілі жазушы Нұрғали Ораздың «Қыз мұнарасы» атты бұл кітабына соңғы жылдары жазған хикаят, эссе, этюдтері жинақталды. Қаламгер өзі жүздескен, сырласқан тағдыры қызық жандардың өмірге деген көзқарасын, мінез-құлқын әр түрлі қырынан аша отырып, бүгінгі қоғамның кескін-келбетін айқын бейнелейді.

28

Ниетқалиева Г. Жүректегі жанартау. Гүлзада Ниетқалиева. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2020. - 224 бет.

Ақынның «Жүректегі жанартау» атты жыр жинағына лирикалық өлеңдері топтастырылып отыр.Лирикалық кейіпкердің бір жылап, бір мұнайып, бір куанып айтқан нәзік сырлары оқырманнын жүрегінен жарып шыққан сезім сынды толқытады, терең иіріміне тартады, шынайы жеткізіледі.

29

Рыскелдиев Т. 94 ӨСИЕТ. Балаларға арналған әңгімелер мен хикаят, мысал, ертегі, аңыздар! Тұрсынәлі Рыскелдиев. - Алматы: «Runa баспасы» ЖШС,2023. - 328 б.

Тұрсынәлі Рыскелдиевтің бұл жинағына балаларға арналған шығармалары топтастырылып отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі әңгімелер мен хикаяттарды қамтыса, екінші бөлім мысал, ертегі, аңыздардан тұрады. Қаламгер туындылары балаларды ізгілікке, адамгершілікке баулиды.

30

«Кемел Тоқаев. Жамбыл облысы тарихында»/ Авторы - Көсемәлі Сәттібайұлы - Тараз қаласы, 2023 - 200 б.

Майдангер-жазушы Кемел Тоқаевтың еңбек жолын ең алғаш алғаш рет Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» (бүгінгі «Ақ жол») газетінде қарапайым тілші болып бастағанын ешкім біле бермейді. Облыстың мемлекеттік архивіндегі көне газеттерді парақтай отырып, болашақ жазушының тырнақалды кинорецензияларымен және мақалаларымен танысқанда, оның сол тұстағы еліміздің, өңіріміздің мәдени, әдеби және рухани өміріне белсене ат салысқанын көреміз.

31

Рахман Т. (Тұяқбай Т.) Сөзбиі-кітабы / Тетралогия (мың бір сөзбиі). - Тараз: Сенім, 2019. - 456 б.

Масатшы ақын Төре Рахман (Төрегелді Тұяқбай) оқырмандарымызға өзінің «Бастау», «Өз көзіммен», «Қарлы құйын», «Орман аңызы», «Жан дауысы», «Сүймегендер сағынбайды» атты поэзия кітаптарымен және көркем аударма туындыларымен жақсы таныс. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған ақынның белорус тілінде «Снежны человек» (1992) атты кітабы жарық көрген.

32

Күмісбайұлы Ш. Өмірдің соңғы бір сәті: Повестер мен әңгімелер / Шәкен Күмісбайұлы. - Алматы: "Алаш" баспасы", 2017. - 384 б.

Автордың бұл жинағына кейініректе жазылған повестері мен көптеген әңгімелері кіріп отыр. Заман ағымына сай жазылған шығармалар өмір шындығын саралап, толғауы тоқсан толғақты мәселелерді тілге тиек етсе, әнгімелері де бүгінгі уақыттың бет- бедеріндегі сан қилы өмір белесіне жетелейді. Аз жазса да, саз жазатын қаламгердің шығармалары негізінде ауыл адамдарының қилы-қилы тағдырының күнгейі мен көлеңкесіне тоқталады. Жақсылығына қуанады, жамандығынан арылудың жолдарын іздейді. Оқиғасы қызық, тілі көркем кітап оқырман көңілінен шығады деген ойдамыз.

33

Б. Адырбек Өзбекәлі Жәнібек. - Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2021. - 384 бет.

Ғұмырнамалық кітаптың кейіпкері - қытымыр коммунистік қоғамда жарық дүниеге келіп, жетімдік тақсіретін тарта жүріп ер жетіп, өршелене өсіп, ұлтына қызмет етуден бір танбай өткен өршіл мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек. Заманынан оза туған ұлттық болмысты азаматтың қайраткерлік қалыптасу жолы һәм қазақтың музей ісі, ұлттық киім үлгілері, ұлттық өнері (ән, би, сәулет) хақында терең тебіреністі этнолог ғалым болып қалай қалыптасқаны жайында туындыгер дәйекті әңгіме сабақтайды. Қайраткерлігін халқына арнаған тұлғалы азаматтың өнегелі өмір жолы деректі ғұмырнамалық баян түрінде өріледі.

34

Аязбеков Ж. А98 ЕЛ СӨЗІ. / ЖАНҰЗАК АЯЗБЕКОВ. Костанай: «Центрум» ЖШС, 2020. 743 б.

Бұл «Қостанай таңы» кітапханасы» сериясы бойынша осы басылымның Директоры - Бас редакторы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, Казақстан журналистикасының қайраткері Манұзақ Аязбековтің бесінші жинағы.Автор мұнда көрген-білгенін, оқыған-тоқығанын, жиған- тергенін, жазған-сызғанын газеттің «Бас редактор әлемі», «Әлеуметтік желілерден» атты айдарларында жариялаған материалдардан әдеби-көсемсөз жинағын кұрастырып отыр. Кітап қалың оқырманның өтінішіне орай жарық көрді.

35

Хамит ЕРҒАЛИ. Қиын өткен қызығым-ай!/ Хамит Ерғали. Өлеңдер - Алматы: "МEP-PRESS", 2017- 342 бет

Қазақ поззиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лаурсаты, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалидің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген «Шер толғау», «Жақсыдан шарапат», «Сонеттер» жинақтарында жарық көрген өлеңдері, сонеттері, естеліктері топтастырылған.

36

Есдәулет Періште кыз: әндер жинағы / Ұлықбек Есдәулет, - Астана: Фолиант, 2017. - 152 бет.

Қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің өлендеріне жазылған әндерден жинақталған «Періште қыз» атты бұл кітапқа бірқатар композиторлардың қалың жұртшылыққа кең танымал шығармалары мен әлі бейтаныс туындылары нотасымен енгізілді. Олардың қатарында тындарман мен көрерменнің жүрегіне ұялаған «Заман-ай», «Құс жолы», «Қара пима», «Көздеріне ғашықпын» секілді мәдени қазынаға айналған әндер бар.Жинак музыкатанушы мамандарға, өнерсүйер қауымға, жалпы әнкұмар көпшілікке арналған.

37

Молтобарова К.И. Мәдениеттану / Молтобарова К.И. - Алматы, - "Алматы-Болашақ" АҚ, 2022. - 480 б.

Бұл еңбекте ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәдениеттанудың мазмұнын құратын әлемдік және ұлттық мәдени үрдістердің заңдылықтары, адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен құбылыстары, негізгі мәдениет институттары және олардың арақатынасы, әлемдік және отандық ұлы ғұламалардың мәдениеттанушылық ойлары қарастырылған. Жоғары оқу орындарының студенттеріне, мәдениет философиясы мен мәдениеттің тарихы және теориясымен, мәдениеттану мәселелерімен айналысатын зиялы қауымға, жалпы өнерсүйер қауымға арналады.

38

Кулбаев А. К 90 Мүшел жас / Сборник кинопьес. Абай Кулбаев. - Алматы: «Дәуір» , 2022. - 160 с.

Данная книга казахстанского киносценариста Абая Кулбаева, в которую вошли три киносценарии автора, повествует о таких жизненно важных ценностях, как любовь, дружба, преданность и счастье, в противовес которым находятся следующие негативные проявления жизнн, как ненависть, враждебность, предательство и горечь бытия. Все три сценария, вошедшие в это издание, «Мүшел жас», «Воровка» и «Холодный жар» - современны и рассказывают о ситуациях, происходящих в привычное и хорошо знакомое для нынешнего читателя время. Книга предназначена для широкого круга читателей, интересующихся современными сценарными произведениями и киноискусством.

39

Салтанат Кеңесбекова (Смағұлтегі) ТАҢСӘРІ. Салтанат Кеңесбекова (Смағұлтегі). Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. - 176

Қазақтың ақын қызы Салтанат Смағұлтегінің бұл жинағына оның сыршыл лирикалық жырлары топтастырылған. Оның өлеңдері шынайылығымен, мөлдірлігімен, салмақтылығымен ерекшеленеді. Сынақ пен сұраққа толы адам өміріндегі тылсым дүниелердің жауаптары оқырманның өзіндік ой тұжыруына мүмкіндік береді. Ендеше сезім мен парасат шарпысын Салтанаттың «Таңсәрі» жинағынан іздеп көрелік.

40

Мырзахмет А. Жетіирек: Әңгімелер / Мырзахмет А. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2021. - 144 б.

Кітапта жазушы Алмаз Мырзахметтің кейінгі жылдары жазылған әңгімелері топтастырылған. Психологиялық иірімдерге толы туындылар қазақ әдебиетіндегі кала прозасының жаңа тынысы іспетті. Жаңашыл ізденістерге толы әңгімелердің оқиғалары шымыр, тілі шұрайлы. Автор кейіпкерлерін түрлі қайшылықтарға салып, күрделі психологиялық әлемін аша білген. Кітап қалың оқырманға арналған.

41

Байбекова Мадина Махмудхановна Б17 Психологиялық кеңес беру. Монография. - Алматы, Альманахъ, 2022. - 191 бет.

Оқырманға ұсынылып отырған бұл монографияда психологиялық қызмет көрсету саласындағы маңызды әрекеттің бірі- кәсіби тұрғыдан кеңес берудің жеке ғылым саласы ретіндегі теориялық мазмұны және әдістемелік негізі қарапайым, ұғынымды тілде баяндалады. Оқырман психологиялық кенес берудің терең қыр-сырларымен танысады, жаңа терминдер мен ұғымдарды меңгеретін болады және де кәсіби кеңес берудегі техникалар мен шеберлік- дағдыларды меңгеретін болады. Жоғары оку орындарының оқытушылары, магистранттар мен студенттерге, барлық саладағы психологтарға,жалпы психология ғылымына,адам жанының табиғатын түсінуге қызығушылығы бар өресі озық азаматтарға арналған.

42

Момышулы Б. За нами Москва. Записки офицера - роман / Бауыржан Момышулы. - Караганды: «Qasym баспа үйі», 2021. - 438 с.

«За нами Москва» - известное произведение Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы, описавшего исторические события, в которых он сам принимал непосредственное участие. Эта книга правдиво рассказывает о героизме людей, сражавшихся на передовой и защищавших страну. Роман казахстанского писателя-фронтовика несомненно вдохновит читателей, прежде всего школьников и молодежь, на знакомство с историческим прошлым. Издание приурочено к 80-летию битвы за Москву.

43

Байахмет Жұмабайұлы «Қазақ балаларының байырғы ойындары» (Халық арасына кең тараған балалар ойындарына арналған) - Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2020 ж. - 256 бет.

Ежелден сайын далада ерлік пен өрлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын түрлерін қалыптастырды. Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын «Қазақ балаларының байырғы ойындары» кітабы қашан да өз құндылығын жоймай, болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ақыл-парасатын жетілдіріп, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды құралы болмақ.

44

Шерхан МҰРТАЗА M 84 Интернат наны. - Алматы: «Дария дамыту орталығы», 2020.-160

Әлта мойны бала бс ауыпк келсе міндет балань ыдыс- ең аун өзенне ме, әл ауыр- жеткі тапал Бұл жинаққа қазақ руханиятында ұлт қаламгерлерінің ұлы мектебін қалыптастырған, әдебиетіміздің алыбы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы», «Бір нәзік сәуле», «Бойтұмар», «Жүз жылдық жара», «Аманат» т.с.с. таңдамалы әңгімелері еніп отыр. Кітап барша оқырманға арналады.

45

Жәлелұлы Омар Харекет. - Шымкент: «Дария» баспасы, 2018. - 416 бет.

Кітапқа Абайдың «Адамбол - малтап» қағидатынанегізделген, адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмыс-бітімін, ар- абыройын сақтап қалудың жолдарын нұсқайтын «Еңбек - рух» атты монография мен қазақы дүниетанымның қайнарынан қанып ішкен ғұламалар (Ясауи, Бұқар жырау, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкерім) шығармаларындағы Жаратушы мен пенденің, пенде мен дүниенің, пенденің өз-өзімен қарым-қатынас табиғатын тануға ұмтылған ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген. Кітап қазақ руханиятына қызығушы жалпы көпшілікке арналады.

46

Мекебаев А. Тайник в степи. Роман / Перевод с казахского языка Аслана Жаксылыкова. - Алматы: ТОО РПИК «Дәуір», 2020. - 256 стр.

В романе «Тайник в степи» описываются трагические события, происходившие в далекие тридцатые годы в казахской степи, когда казахский народ оказался в тисках голодомора, явившегося следствием тоталитарной политики Сталина. Благодаря умению писателя воссоздать подлинную картину происходящего, пропустив его через свое сердце, мы можем наглядно представить себе это нелегкое время, нашедшее отражение в романе

47

Бәмішұлы Бақытбек

Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын-жазушы, публицист, филология ғылымдарының кандидаты Бақытбек Бәмішұлының «Сөз мәйегі» атты кітабына Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жазылған шығармалары енген. Б. Бәмішұлы туындыларына негізінен ұлт пен ұлыс тұтастығы, ел мен жер бірлігі, ұлағатты дәстүр, рухани байлық, тіл мен діл мәселерін арқау етеді. Зұлмат замандарда тағдыр тәлкегі салдарынан атамекенінен ажырап, жер шарына тарыдай шашыраған қандастарымыздың тағдыр-та- лайы туралы толғаныстары да тартымды. Ел мен жер үшін ұлт мүддесі жолында күрескен қайраткерлердің өнегелі өмірі де ешкімді бейжай қалдырмайды. Тарихи танымдық мақалаларының да оқырман сұранысына сай, дерек-дәйегі көп, тағылымдық мәні зор.

48

Әлімжан Е. А.Алтын жүлге жыры: Роман / Елен Әлімжан - Алматы:

Белгілі жазушы Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» атты жана романы қазақ әдебиетінде көп көрініс бермеген гуманитарлық сала ғалымдарының социалистік шеңбердегі өмірі мен отарлық идеология найзасының ұшында жүріп жазған еңбектерінің талан-тағдырын арқау еткен интеллектуалды туынды. Бас кейіпкері ғалым Мекемтас Мырзахметұлының Абай мұрасын тұрпайы-социологиялық тұрғыда бағалаушылармен күресе жүріп, ұлы ақынның толық адам ілімін ашуы, қазақтың қалай орыстанды- рылғаны туралы өз еңбегін жарыққа шығара алмауы, 1986 жылғы желтоқ- саншыларды ақтау әрекеттері көркем тілмен қызғылықты бейнеленеді. «Алтын жүлге жыры» - қалам иелерінің әділетті қоғам үшін күрес жыры. Кітап барша оқырман қауымға арналған.

49

Телеуова 3. Құлаған үйдің құпиясы / Зияш Телеуова. - Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. - 144 бет.

Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады. Бі рінші - «Ит жоғалған күн» оқиғасы. Итін жоғалтқан Кәрім мен достары жоқ іздеп жүріп, құлаған үйдің жертолесіне біреулердің кіріп-шығып жүргенін көріп, сол есікке бақылау орнатады. Құлаған үйдің жертөлесіне қоныс тепкен діни секта мүшелері діни рәсімдерін откізу үшін қамауда түтқын ұстайды. Жертөлеге түскен Кәрім оның үстінен шығып, күтқару әрекеттерін жасайды. Жергілікті полицияның көмегімен тыңшылар өзге діни ағымның іс-әрекеттерін әшкерелейді.Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері - Кәрім, Бану. Аян, Айбектің өзара достығы, үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткіншектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түріл қылмыс көріністеріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

50

Құрманғалиқызы Ә. Сын түзелмей. Сын-сараптамалар/Әмина Құрманғалиқызы. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2020. - 384 б.

Бұған дейін оқырманға «Біз де қайттық өмірдің базарынан» эссе- естеліктер жинағы, «Жеті ата Жолымбетке құйған нұрын» роман- шежіре, «Әулет пен нәубет» тарихи романы, «Жарығым-ай» өлендер жинағы, «Сатира - сынның жиені» атты сатиралық топтамасымен таныс автордың бұл кітабына соңғы жылдары әдебиет әлемін елең еткізген сын- сараптамалары еніп отыр. Сын жанрын таптаурын болған сарізділіктен, жалаң мақтаулар мен үстірт шолулардан, дерексіз, дәйексіз жалпыламалыктан арылтып, нақтылыққа және қаламгердің ешкімде қайталанбайтын даралығын ашуға негізделген. «Сын түзелмей…» кітабы өз қадірі мен сөз қадірін білетін оқырманға кажет болары сөзсіз.

51

Хамит ЕРҒАЛИ. Қиын өткен қызығым-ай!/ Хамит Ерғали. Өлеңдер - Алматы: "MEP-PRESS", 2017- 342 бет

Қазақ поззиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалидің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген «Шер толғау», «Жақсыдан шарапат», «Сонеттер» жинақтарында жарық көрген өлеңдері, сонеттері, естеліктері топтастырылған.

52

Кәрімхан 3. Дүние шыр айналса… Тарихи-таным- дық мақалалар, репортаждар және сұхбаттар. - Алматы: "Алматы Болашақ" АҚ, 2020. - 208 бет.

Кітаптың мұқабасын жасаған - суретші, ҚР Суретшілеродағының мүшесі Алмас Сырғабай. Бұл кітапқа журналист - зерттеуші, Алаштанушы Заңғар Кәрімханның туған жер, тарих, Алаш тақырыбындағы толғамдары мен белгілі руханият өкілдерімен әңгімелескен сырлы сұхбаттары топтастырылған.Кітап тарихи-танымдық мазмұнға бай, тілі жатық әрі жеңіл оқылады.

53

Кеңшілікұлы А. Тұрақсыз әлемнің суреткері: әдеби сын, эсселер / Амангелді Кеңшілікұлы. - Астана: Фолиант, 2018. - 240 б.

Белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлы «Ақ жауын», «Қарлы- ғаш-дәурен», «Жүрек сөзі» кітаптарымен көпшілікке кеңінен танымал. Қолыңыздағы «Тұрақсыз әлемнің суреткері» - әдебиет әлеміндегі қадау-қадау ой мен сезімнің, кесек болмыс пен бітімнің иесі атанған қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармалары жайлы естелік-эссе, әдеби сын жинағы. Кітап барша оқырманға арналған.

54

Әлқожаұлы Ж. Ой қазына Даналық, данышпандық сөздер/ Құраст. Ж. Әлкожаұлы. - Алматы, 2009. - 140 б.

Жүсіп Әлқожаұлы ұзақ жылдар бойы жинаған ежелгі түрік ақылмандарының және қазақ данышпандары мен даналарының ұлағатты сөздерін «Ой қазына» деген атпен кітап етіп шығарып отыр. Даналардың данышпандық бұл ұлағаттары көпшілікке рухани азық болары сөзсіз.Қазақстан және Өзбекстан журналистер одағының мүшесі Жүсіп Әлкожаұлының мұнан бұрын да ондаған кітабы шыккан.

55

Тұрсын Жұртбай. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2019. - 352 бет.

Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Күнделіктері» - күнінің қалай өткенін есте қалдыру үшін емес, көргенін - көңіліне түйіп, соны өз елінің өмірімен, тарихымен салыстырып, пікір қорыту үшін жазылған. Тектік тамырлар суыртпақталатын терең әсерлер, тосын көзқарастар, ой орамдары, біз білмейтін не түйсіне бермейтін ғылыми ныспылар мен тұспалдар, сирек деректер көпшілік қауымның ынталы ықыласын оятары кәміл. Жинақ әдебиетшілер мен тарихшылардың, мәдениеттанушылар мен саясаттанушылардың, ғылыми көпшіліктің, жалпы зиялы оқырман қауымның назарын аударатыны сөзсіз.

56

Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы. Өмірі. Шығармалары. - Астана: «Алашорда» Қоғамдық коры, 2017. - 240 б.

Жинақта Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлының (Джаксылык Тюленев) баспа көрмеген, мұрағаттар мен кітапхана корларында қолжазба түрінде сақталып келген өлеңдері, «Олжашы батыр», «Қалмақ ханы Қатаған», «Бұлбұл» сынды поэмалары (жырлары), хикаялары, естеліктері және т.б. құнды мұрасы қамтылды. Кітап қалың оқырман қауымға арналады.

57

Умиралиев А.А. Гунны / А.А. Умиралиев, 2018 - 416 стр. Кровь Дракона

Главный герой, бывший десантник, невостребованный врач-хирург, неудачник по жизни, но большой любитель истории Древнего мира, сознание которого необъяснимым образом переносится в прошлое, в центр исторических событий 36 года до н.э. на территории современного Казахстана и оказывается в теле погибающего в битве принца. Помогут ли ему знания человека из XXI века выжить в период кровавых войн с соседними земледельческими государствами, жестоких междоусобных сражений среди претендетов на власть и сможет ли он править величайшими воинами в истории человечества, известными на востоке, в империи Хань под именем Хунны, а на западе, в Римской империи - Гунны? Книга написана в жанре историко-фантастического романа. Динамичный сюжет, исторические факты, элементы фантасмагории - это то немногое, что делает роман интересным.

58

Тәжкен Ү. На берегу / Үміт Тәжкен. - Алматы, АО «Алматы-Болашак», 2022. -560 с.

В книгу избранной прозы члена Союза писателей РК, Международного Казахского PEN-клуба Умит Тажкен вошли роман «Ось существования», повести «На берегу», «Девять умр для одной Уммы» и другие, а также рассказы-миниатюры, сочетающие в себе целый ряд жанров: от бытовой сценки до аллегорни или притчи.

59

Синельников М. Семиречье: Казахские мотивы, переводы. /Михаил Синельников. Алматы: ТОО «Каратау КБ»: «Дәстүр», 2017. - 320 стр.

Ранние годы известного московского поэта, лауреата многих российских и международных премий Михаила Синельникова прошли в Центральной Азии. Пожизненная любовь и тяготение к Востоку - явные свойства его поэзии. Ощущение от необозримой степи, тянущейся за окном поезда, относится к числу самых первых, ярких, глубоко впечатляющих и незабываемых переживаний. Позже Синельников нередко бывал в Казахстане, судьба подарили ему дружбу с замечательными казахскими писателями, поэтами.

60

Азбанбаев Марат Архив Қасым Қарқаралы. - Нұр-Сұлтан, 2021. - 280 с.

Ақын Аманжолов Қасым Рахымжанұлының өмірі мен өнері жайлы Алматы, Қарағанды, Орал, Семей архивтеріндегі құжаттар бойынша жазылған зерттеу. Бұл зерттеу еңбегінде автор Қасым ақын өмірінің Қарқаралы, Семей, Орал кезеңдерін жнырмасыншы ғасырдың басындағы Қазақстан мен Россия елдеріндегі тарихи оқиғалар мен Алаш қайраткерлері Ж.Төленов, Ә.З. Сәтбаев, М. Әуезов, М.Тұрғанбаев, С.Садуақасов, Ы. Мұстамбаев, С.Зимановтарға қатысты архивтік тың деректерді пайдалана отырып банн еткен. Автордың өзі заңгер, халық соты болған соң және де ғылыми зерттеудің архин құжаттары негізінде жүргізілу себебінен қол- жалба деректі детектив жанрының жаңа өлкесіне қарай жол ашуды көздеген.

61

Үш аю. Хайуанаттар жайлы ертегілер. Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2022. - 120 б.

Хайуанаттар жайлы ертегілер ерте замандардан бастау алады. Мұндай ертегілердің алғашқы үлгілерінде адамзаттың хайуанаттармен бірге етене араласқан өмірі мен аңшылыққа байланысты сюжеттері кездессе, уақыт өте толыса отырып, адамдардың мінез-құлқын, болмыс-бітімін аллегориялық тәсіл арқылы жануарлар бейнесімен беру деңгейіне дейін түрленді.

62

Йориш Ави Инноватор бол: Израильдің әлемді алға жетелеген жаңалықтары мен жетістіктері - Алматы, «Steppe and World» баспасы, 2020. 236 бет.

Иерусалим дан дабыл сәбиіме бұ 8 шілде бс бәрі ХАМ айтып жү жасақтарі Израильд тін орнат материал жарым «Инноватор бол» кітабы дүниежүзіндегі миллиардтаған адамның тірлігін түбегейлі өзгертіп жатқан таңғажайып израильдік инновациялар туралы сыр шертетін очерктерден қүралған. Израильде түратын түрлі дінді үстанатын өнертапқыштар әлемді жақсырақ ете түсуге неліктен ұмтылатынын сөз қылады. Израильдіктер неліктен ашты тойындырып, ауруды сауықтырып, қорғансызға қалқан болып, шөлді гүлге бөлегісі келетінінің сырын ашады. Дүниенің алпауыт елдерімен салыстырғанда тырнақтай ғана ел Изранль бұл қиындықтарды еңсеруде жерасты байлығына не мол қазынасына емес, ұлттың өзегіндегі «тиккун аламға» - алемді жақсартудың израильдік түжырымына сүйенеді.

63

Маркес, Габриэль Гарсиа Жүз жылдық жалғыздық : роман / Габриэль Гарсиа Маркес. [ауд. К. Юсуп]. - Нұр-Сұлтан: Аударма, 2020. -528 с

Колумбиялық жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романы ХХ ғасырдың ең оқылымды шығармаларының бірі болды. Осы романы үшін авторға 1982 жылы Нобель сыйлығы берілді.Шығармада Макондо қаласында (метафоралық Колумбия) орналасқан Хосе Аркадио Буэндиа атты ақсақал негізін салған Буэндиа әулетінің бірнеше ұрпағының тарихы жайлы баяндалады. Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетіледі. Аңыз бен ертегіні бүгінгі өмір шындығымен шебер ұштастыра білген жазушы оқырман назарын бірден өзіне баурап, беймәлім Макондода болған оқиғалар ортасынан бір-ақ шығарады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

64

Биші қайыңдар: Жыр жинағы./ Саят Қамшыгер.- Алматы: «Дәуір» баспасы, 2022. - 224 бет.

Саят Қамшыгердің бұл жыр жинағына әр жылдарда жазылған өлеңдері топтастырылған. Сыршыл ақынның табиғат, туған жер, Отан, отбасылық құндылықтар, махаббат, достық тақырыбындағы жырлары оқырманды бірден баурап алары анық.Қоғамдағы оқиғалар мен заман ағысында болып жатқан жайттарға отансүйгіштік, үлтжандылық, азаматтық көзқараспен жазылған өлеңдері ақынның ішкі жан толғанысын аңғартады.Қазіргі қазақ поэзиясының өкілі ретінде ақынның айтар ойы анық, өлеңдері оқуға жеңіл, көркем. Кітап көпшілік оқырманға, поэзия сүйер оқырманға арналған.

65

Әскербекқызы Ж. Миф-о-поэзия: Өлеңдер, поэма, аудармалар. Жанат Әскербекқызы. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2022. - 192 б.

Жанат Әскербекқызы - қазіргі поэзияда өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын. Оның өлендерінде ел мен жер, өткен дәуір мен бүгінгі өмір суреттері, көңілдің түрлі сәттері бағзы таныммен сабақтасып, тың бейнелеулермен түзіледі. Бұл жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен «Алып ана - Түкті ата» атты әпсана-поэмасы және жапон поэзиясынан аудармалары енді. Кітап өлең сүйер қауымға арналған.

66

Төжмағамбетова М.М. Ақ қанатты періште. Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2020. - 168 бет.

Қазақтың белгілі ақын қызы Мақпал Мысаның бұл жинағы кейінгі жылдары жазылған жаңа өлеңдер мен поэмалардан тұрады. Ақын қолтаңбасы айшықты ой, қанық бояу, нәзік иірімдерімен ерекшеленеді. Сұлулықты, адам бойындағы қасиеттерді жырға тиек ететін жинақ үш бөлімнен тұрады. Жаңа жинаққа ақынның екі поэмасы еніп отыр.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz