№15 бөбекжай-бақшасынының балаларына кітапханаға экскурсия жасалды.
Comments«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейімді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай, кітапхана оқырмандарын жас ерекшелігіне байланысты "Қазақ халық ертегілері", "Кішкентай ханзада", "Айдаһар қыздар", "Сиқырлы кілт", "Таңғажайып хайуандар", "Өнегелі ертегілер", "Әжемнің ертегілері", "Репка", "Гарри Поттер" т.б. жаңа кітаптар ұсынылды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=84#sigProGalleriac9312b1764
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Жамбыл облысының мақтанышы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, ақын Шырын Мамасерікованың 80 жас мерейтойына орай «Жасырғам жоқ ештеңе өлеңімнен...» әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ақын өзінің туып өскен жері, алғаш жазған туындылары, айтыс өнерінде өткізген кездері мен еңбек жолдары жайлы сыр шертті. Кеш қонақтары әнші, Кенен Әзербаев атындағы облыстық филармонияның әртісі Оңал Азаматова әндерін, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы өлеңдерін арнады. Ал, Тараз инновациялық колледж білімгерлері және №13 балабақша, №23, №20 орта мектеп оқырмандары ардақты ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
Іс-шара соңында «Өзі жібек, өлеңі өткір ақын» кітап көрмесіне ұсынылған «Жыл құстары», «Бақыт», «Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян», «Елге деген махаббат», «Арман гүлі» кітаптары таныстырылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/?start=84#sigProGalleria97ab0425d6
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды негізге ала отырып, мағлұмат беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты памфлет өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері туралы сұрақтар қойылды.Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» кітап көрмесіне шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=84#sigProGalleriaf73c180a5c