Д.А. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Гүлназ Амангелдиева Жамбыл ТВ телеарнасының “Рауан” бағдарламасына “Кітап - үнсіз ұстаз!” тақырыбында кітапхананың тың жобаларымен бөлісті.
Бейнені көру үшін біздің YouTube арнасына сілтеме бойынша өтіңіз - https://youtu.be/basqwhWzIFw.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=100#sigProGalleriaf6855a8768
Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ем алушыларға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Айдаһар қыздар», «Сусыма», «Ұлы дала ертегілері», «Он бес жасар капитан», «Арыстан, мыстан және шкап», «Жер-жаһан ертегілері» және т.б көптеген кітаптар ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=100#sigProGalleriad7350e0a80
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және аталған колледждің ұйымдастыруымен халық жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау мақсатында «Өлең, мен сені аялап өтем...» тақырыбында колледждер арасында облыстық байқау өткізілді.
Іс-шара ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші – Сағынбекова Мадинаның «Әйел монологы» әнімен ашылды.
Облыстық байқау 2 кезең бойынша ұйымдастырылды. I кезеңде білімгерлер «Көркемсөз оқу» бойынша ақынның шығармашылығынан өлеңдерін жатқа оқып, сынға түсті.
ІІ кезеңде «Эстрадалық вокал» бойынша ақын сөздеріне жазылған әндерін әртүрлі бағытта орындап, әсем әуенге ұласты.
Іс-шара соңында білімгерлер алғыс хаттармен марапатталып, Фариза Оңғарсынованың кітабын сыйға алды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=100#sigProGalleria9b30ebe939
Жазушы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай оқырмандардың ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлеріне «Өлең, мен сені аялап өтем» кітап көрмесі ұсынылды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=100#sigProGalleria5079b9897c