06.05.2013 6 мамыр күні өскелең ұрпақтың бойына асқақ Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында Бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен «Желбіре – Жеңіс туы!» атты ерлік сағаты өтті.
Comments23.04.2013. 23 сәуір – Кітап және автор құқығының дүниежүзілік күніне арналған Бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен «Балаларға базарлық» атты ақпараттық саяхат өткізілді.
22.04.2013. 22 сәуір күні БҰҰ Бас Ассамблеясының мақұлдауымен Халықаралық Жер-Ана күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Бүлдіршіндер секторының ұйымдастыыруымен №13 орта мектепте «Жер-Ана – бәрімізге ортақ үй» тақырыбында эко-лирикалық сағат өтті.
Comments26.03.2013. 2013 жылдың 26-наурыз күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Балалар мен жасөспірімдер кітап апталығында» «Білім көзі – кітапта» тақырыбында №52 бастауыш мектептің 4 а сынып жетекшісі Аширова Алия Дастанқызы бастаған 4 а сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты - жас бүлдіршіндердің оқу-танымдық қабілетін оятып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.