Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде «Отбасы күні» мерекесі аталып өтiледi. 2013 жылдың 3-қыркүйек айында жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында "Отбасы күні" мерекесіне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Отбасы – тіршіліктің тірегі» тақырыбында кітап көрмесін ұсынылды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында облыс бойынша алғашқы рет 2013 жылы маусымның 21-нен 22-не қараған түні белсенді оқырмандары мен қонақтарына арналған «Кітапхана түні – 2013» квест-шоуы «Кітап әлемінің сиқырлы түні» тақырыбы бойынша өткізілді. Бұл шараның ерекшелігі сол – сыйқырлы кезбелік, ертегілер әлеміне сапар шегу іспетті, 21-маусым күні сағат 19:30-да басталып, 23:00-де аяқталды.
03.06.2013ж Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 4 маусым- Рәміздер күніне орай мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу, өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру., патриоттық тәрбие беру. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесі және «Тараз студенттер Альянсы» корпоративтік қорының мүшелерімен және «Астана» колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Рәміздерім, сен неткен маңызды едің!» атты патриоттық сағаты өтті.
«Балалық шақтың бал күні» Мерекелік шоу
-->
Арманы бір, үні бір Аға ардақты, іні гүл Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл
Елімізде жыл сайын 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін еске салатын күн. Ол 1949 жылғы қараша айында Халықаралық Демократиялық әйелдер федерациясы сессиясының шешімімен «Балаларды қорғау күні» болып белгіленді. Ең алғашқы Балаларды қорғау мерекесі 1950 жылы өткізілді. Балаларға бақыт сыйлау әрбіріміздің ортақ мүддеміз. Осы мақсатта жас оқырмандарды бірлікке, татулық пен достыққа шақыру, сондай-ақ кітапханаға баулу мен кітаптарды насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 31.05.2013ж. сүйкімді мен сүйікті бүлдіршіндермен «Балалық шақтың бал күні» мерекелік шоу өтті.
Comments