2013 жылдың 29-мамырда Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына №9 балабақшаның «Даярлық» тобы «Қош келдің, Бүлдіршін!» тақырыбында саяхат жасады.
2013 жылдың 23-мамырында балалардың кітапқа деген қызығушыылықтарын арттыру; қазақ ертегілері арқылы баланы әдептілікке, жақсы мен жаманды айыра білуге, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу; сахна мәдениетін үйрету мақсатында бүлдіршіндер секторы жаныннан ашылған «Жас таланттар» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Түлкі мен Бөдене», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегілерінің қойылымы өтті.
23.05.2013жылы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхансында жастарды Қазақстандық отансүйгіштікке, қажырлы еңбекке тәрбиелеу, шығармашылық пен кәсіпкерлікке баулу, «Рысбаева және Ко» ЖШС-нің директоры Сәуле Рысбаеваның үлгілі кәсіпкерлік жолы мен әдебиетке, шығармашылыққа қосқан үлесін насихаттау және балалар ақыны Н.Корончуктің шығармашылығы мен әдебиеттерін танымалдандыру мақсатында кітапханамызда ТАРМУ мен «Аспапа» коледжінің білімгерлері және №13 мектеп оқушыларының қатысуымен С.Рысбаеваның «Елбасымен жеті рет жүздесу» кітабына тұсаукесер рәсімі өтті.
CommentsЖас оқырмандарға «толеранттылық» деген сөздің мағынасын ашу, қарапайым тілмен түсіндіру; адамдар арасындағы жеке қарым-қатынастарды көруге үйрету; толеранттылықты қандайда бір кикілжің кезінде дұрыс пайдалануға үйрету, ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу мақсатында 20.05.2013ж. №13 орта мектептің 6 сынып оқушыларымен «Толеранттық әр үйде» әңгіме –презентация өтті.
Comments