Жас ұрпаққа өнегелі әңгімелері арқылы ғибрат қалдырған, қазақ халқының рухани жаңғыруына, білім мен ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті қазақ ағартушысы, ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын насихаттау мақсатында 125highschool мектебінің оқырмандарымен «Әдеби толқын» оқырман клубының кезекті отырысы өткізілді.
Клуб отырысында оқырмандар ағартушының тағылымы мол әңгімелерін оқып, олардың тәрбиелік мәні мен өмірлік маңызын кеңінен талқылады. Оқырмандар өз ойларын ортаға салып және шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап арқылы оқырмандардың таным көкжиегі кеңейе түсті.
Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек» сынды ғибратты әңгімелері жан-жақты талданды.
«Әдеби толқын» оқырман клубының бұл отырысы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін нығайтты. Тағылымға толы туындылар арқылы жас оқырмандар рухани азық алып, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиеленді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/?start=48#sigProGalleria0c8c495685
Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы – Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына орай халық жазушысының өмірі мен шығармашылығын таныту, ұлттық рухты ояту, тарихи танымын кеңейту, оқуға қызығушылығын арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында Төле би атындағы №8 гимназия оқушыларымен «Қаламы қарымды, жүрегі дарынды Қабдеш Жұмаділов» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқырмандар оның өмір жолымен танысып, «Дарабоз», «Тағдыр», «Соңғы көш» сияқты танымал шығармаларына шолу жасалып, олардың тарихи және тәрбиелік мәні түсіндірілді.
Оқырмандар «Туған жерге тағзым» жазушы монологын оқып, түйіндеп, туған жер тақырыбындағы нақыл сөздермен бөлісті. «Жүректен шыққан жырлар» «Қабдеш аға аманаты» атты жыр шумақтарын ұсынды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенділік танытқан қатысушылар марапатталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/?start=48#sigProGalleriae26188e996
23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, жастарды кітап оқуға баулу мақсатында «Жаңа кітап – жаңа сыр» атты жаңа кітаптардан көрме жасалды.
Көрмеге қазақ ақын жазушыларының шығармалары, балаларға арналған кітаптар, ертегі, драма, тарихи шығармалар ұсынылды.
Кітап – адамның рухани байлығын арттыратын негізгі құрал және кітап оқу-табысқа жетудің маңызды жолы.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=48#sigProGalleria6f7e1c8ab9
23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітап оқимыз» атты либмоб жасалды. Либмоб –бұл кітап оқуды насихаттайтын флешмоб форматында мәдени іс-шара. Яғни адамдар бір уақытта қоғамдық жерде, саябақта, кітапханаларда, мектептерде жиналып, бірге кітап оқиды.
«Кітап оқимыз» либмоб барысында оқырмандарға жаңа келіп түскен әдеби кітаптар, балаларға арналған ертегілер және танымал авторлардың шығармалары таныстырылды. Сонымен қатар кітапханашылар, бөлім бойынша мазмұнды шолу жасап балаларға кітаптардың ерекшілігін айтты
http://www.jobjk.kz/kz/?start=48#sigProGalleria265c88124c






