2 – сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай оқырмандарға білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын атап көрсету және кітапхана имиджін көтеру мақсатында Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 220 жыл толуына орай «Ертегілер елшісі» тақырыбында әдеби кинозал өткізілді.
Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге Г.Х.Андерсеннің өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды. “Мұз ханшайымы” ертегісі көрсетілді.
Comments«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейімді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Осыған орай, кітапхана оқырмандарын жас ерекшелігіне байланысты "Кішкентай ханзада", "Жетім қонжық", "Бала мен қарлығаш", "Балалар энциклопедиясы", "Абай", "Айдахар қыздар", "Әжемнің ертегілері", "Жылдам оқытқыш", "Өнегелі ертегілер" т.б. жаңа кітаптар ұсынылды.
http://www.jobjk.kz/kz/?start=36#sigProGalleria18540abc58
Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйінің бұқаралық ақпарат құралдарының шығу жолдары, оқырмандардың өз ойын жүйелі айта білу дағдыларын жетілдіру, газет-журналдың адам өмірінде өзіндік алатын орны бар екенін түсіндіру мақсатында «Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы» тақырыбында баспаға саяхат ұйымдастырылды.
«AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің бас редакторы – Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің тарихына шолу жасап, баспа үйінің бөлімдері және олардың атқаратын қызметтерімен таныстырды. Әр басылымның өзіне тән бағыты мен түрі, форматы мен көлемі болатынын түсіндіре отырып, қызығушылық танытқан оқырмандардың сауалдарына жауап берді.
Аталған іс-шараға Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің МДТ-9-24-1, «Орман шаруашылығы» бөлімінің 0-9-24 топтары мен жетекшісі қатысты.
Қоғам қаншалықты дамығанмен газет өміршеңдігін жоймайтынын уақыттың өзі дәлелдеп келе жатқанын жас оқырмандарға жеткізілді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/?start=36#sigProGalleria8ddea34aad
«Ұлан» балалар мен жасөспірімдер республикалық газетінің жарық көргеніне – 95 жыл толуына орай «Кітапхана – оқырманның еркіндік алаңы» библиопресса оқырмандар назарына ұсынылады.
Comments