«Дарын» лицей-интернатының оқырмандарына қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың 110 жылдығына орай еңбегін насихаттау мақсатында «Ұлт мақтанышы – Жұмабек Тәшенов» ақпараттық сағат өткізілді.
Кеңес Одағы кезінде орталықтың өктем саясатына қарсы тұрып, Атамекенін бөлшектетпей, қайсарлық көрсетіп, 1960 жылдың соңында Қазақ ҚСР-і Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасы Жұмабек Тәшенов қазақ жерін қорғап қалды.
Оқырмандар халқынан жақсылығын аямаған арда азаматтың өмірбаянымен, еліне жасаған ерліктерімен, қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына ерен еңбектерімен танысып, өздерінің ойларымен бөлісті.
https://www.jobjk.kz/kz/?start=168#sigProGalleria0ebead8085
Діннің тәрбиедегі маңыздылығын ашу, оның рухани құндылықтарды дамытудағы маңыздылығын айқындау мақсатында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Мурзахметов Исламбек қатысып, дін жайлы толық ақпарат беріп, қызметкерлердің тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
https://www.jobjk.kz/kz/?start=168#sigProGalleriaccd09bb650
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен №62 орта мектебінде Әулиеата өңіріне танылған қаламгер азамат, балалар жазушысы – Марат Құлибайұлының 50 жас мерейтойына орай «Балалар әлемінің бағбаны» шығармашылық кездесу кеші өткізілді.
Кеш қаламгердің өмірлік жолы мен шығармашылығы жайында бейнебаянмен және 2 сынып оқырмандарының «Қазақстаным Отаным» әнімен ашылды. Кездесу кешінің иесі, қаламгер Марат Құлибаев құрметпен сахна төріне шақырылып, оқырмандардың сауалдарына жауап беру арқылы сұхбат өрбіді.
Қаламгердің оқырмандармен кездесу кешіне қаламдас әрі әріптес інісі –«Ақ жол» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, айтыскер ақын Есет Досалы мен анасы – Азимова Нұрғаным Рахымбекқызы шығармашылық кеш иесіне ақжарма ізгі тілектері мен арнау жырын қара домбырамен шебер жеткізе білді.
Балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан қаламгер «Мейірім», «Жұлдызы биік Жуалы», «Апамның аялы алақаны», «Қолқанат» атты тарихи-танымдық кітаптарына толық тоқталып өтті.
Аталған мектеп оқырмандары қаламгердің «Бейбітшілік құсы», «Жеті ата» әңгімелерінен көрініс қойып, өнерлерін паш етті. Жазушының мерейтойына арнайы Республикалық балалар журналдары «Балдырған» және «Жыл – он екі ай» құттықтаулары бейнебаянмен жолданды.
Кеш соңында кітапханашы «Балалар әлемінің бағбаны» атты кітап көрмесімен таныстырып, өнер көрсеткен оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
https://www.jobjk.kz/kz/?start=168#sigProGalleriaeedca83f44
Әріптесіміз Бахытгүл Досанқызы 8 Наурыз - Халықаралықәйелдер мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
https://www.jobjk.kz/kz/?start=168#sigProGalleriad28c2c7c21








