1 наурыз - Алғыс айту күніне орай №33 орта мектептің оқырмандарына «Алғыс айту – парызым» ақпараттық дайджест өткізілді.
Оқырмандарға мереке тарихы туралы ақпарат жеткізіліп, бұл мереке көпұлтты ел халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі екені айтылды.
Бұл күні ел тұрғындары бір-біріне алғыс айтады.
CommentsАйтыс қазақтың төл өнері. Жасөспірімдер арасында айтыс өнеріне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту мақсатында Айша бибі орта мектебінің 7 а сынып оқушысы Жамалбек Мирастың қатысуымен «Қазақтың қасиетті өнері-айтыс» атты сұхбат өткізілді.
Сұхбат барысында облыстық, республикалық оқушылар айтысының жүлдегері Жамалбек Мирас жеткен жетістіктері мен болашақта алға қойған мақсаттары туралы айтып берді.
Comments1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Мейірім» мектеп-интернатының 4 сынып оқырмандарының қатысуымен ризашылық пен алғыс туралы түсінік бере отырып, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, мақсатында әдептілікке, кішіпейлілікке, ізеттілікке тәрбиелей отырып, «Алғыс айту – ардың ісі» либмоб акциясы өтті.
Іс-шара барысында алғыс айту күніне орай оқырмандар тақпақтар айтып, сұрақтарға жауап беріп, «Күншуақ» ойынын ойнатылды, әр балаға қағаздан қыйылған күннің шуақтары берілді «Рахмет!», «Алғыс айтамын!», «Мың алғыс!» деген жақсы сөздерді бүлдіршіндер қағазға жазып, бір-біріне айтып шықты.
CommentsКІТАПХАНА “JAMBYL TV” телеарнасында
https://youtu.be/35kAhaMH9rE?si=jDscuucPGptneuqPӨтебай Тұрманжанов-120 жыл «Ертегі еліктіре ертеді» мерекелік кеш
Балалар жазушысы Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ертегі еліктіре ертеді» мерекелік кеш өтті. Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек таныстыру мақсатында №8 гимназияның 4 сынып оқырмандары мен сынып жетекшісі қатысты.
Балалар көрініс көрсетіп, ақынның өлеңдерін айтып, бір-біріне Өтебай Тұрманжанов кітабынан ертегілер оқыды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары ақын ағамыздың өлеңдерін жатқа айтып, «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» атты ертегісінен үзінді қойылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандарын «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кішкентай бүлдіршініміз Бақытжан Жаннұр «Туған өлкем» әнімен кешті аяқтады.
Comments







