Біз ақпарат беттеріндеміз
Жаңа белестерге жетелейді
Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінде оқырмаңдар арасында пікірсайыс өтті. Шараның тақырыбына қазақ әліпбиінің жаңа латын қарпіне көшу мәселесі арқау болды.
Сайысқа №49 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлері, жетекшілері қатысты. Жиналғандар өз ойларын ортаға салып, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің теледидарда, газет беттерінде айтылған пікірлерін де талқылады.
CommentsТорайғыровты таңдады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өтті. Тараз қаласындағы Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара барысында талқылауға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы таңдалды.
Әдеби шараға Тараз қаласындағы мектептердің әдебиет пен тіл мамандары, белсенді оқушылары қатысып, шығарма төңірегінде пікір білдірді. Сонымен қатар аталған кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аға оқытушысы Меңдібай Әбіловтар қазақ әдебиетінде айтулы орны бар шығарма төңірегінде ой бөлісті. Ақынның «Адасқан өмір», «Кедей» шығармалары жөнінде де бірқатар пікірлер айтылды.
CommentsБілімдіге дүние жарық
«100 кітап» акциясы аясында С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының желісі талқыланды
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру барысында «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өткізілді.
Comments
Елбасы өмірі үлгі етілді
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты әңгіме-информ ұйымдастырылды.
Шараға №54 орта мектептің 7-сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. жиынға кітапхананың абонемент секторының меңгерушісі Бақыткүл Ауғанбаева Елбасы туралы хабарлама жасап, оның балалық, жасөспірім, жастық шақтарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының кемел кезеңдерінен мәліметтер келтіріп, атқарған жұмыстары туралы баяндады.
CommentsЕлбасы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында Қазақстанның өсіп-өнуі, өркендеуі, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына қосылуы тек білімді, сауатты жастардың қолында екендігін айтумен келеді. Әрине, жастар білімді болуы үшін міндетті түрде көп ізденіп, көп оқуға тиіс. Ал, жастардың білім алуы мен сөздік мәдениетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше. Осы орайда, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өзінің кітап қорын жыл сайын жастарға рухани азық болатын, оларды отансүигіштікке баулитын түрлі басылымдармен толықтырып отырады. Сондай құнды дүниелердің бірі – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың шығармалары мен Елбасы туралы жазылған туындылар.
Comments