Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1287040
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
84
406
1106
1672
16336
1233985
1287040
Ваш IP: 216.73.216.148
Время на сервере: 26-06-2025 04:09:41

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым» атты мамандар күні өткізілді.         Аталған шараға №13 балабақшаның тәрбиешісі – Сейіткерімова Гүлжан Асылханқызы, жоғары білікті маман, дәрігер, ортопед-хирург – Рахимов Ардақ Қадырханұлы, «Асқар» сұлулық салонының шаштараз маманы – Сұлтанбекова Алимаш Қайратқызы және Ы.Сүлейменов атындағы №37, №10, №23 мектептердің оқушылары қатысты.

 

        Іс-шара барысында келген қонақтар мен оқырмандарға әлемдегі сан түрлі мамандықтар, ең қызықты және ерекше мамандықтар туралы айтылып, мамандық сөзіне анықтама берілді.

        Мамандар күніне келген қонақтарға сөз беріліп, олар өздерінің атқарып жатқан қызметтері, қызығы мен қиыншылығына тоқталып, болашақ жас мамандарымызға мамандық таңдау барысында шалыс басуға болмайтындығы жайында айтып, оларға өздерінің ақыл-кеңестерін берді.

Іс-шарада №10 орта мектептің оқушылары Іргебай Әшім мен Құралбекова Арай әннен шашу шашса, №23 мектептің 5 «а» сынып оқушысы Қайратұлы Нұрым Қадыр Мырзәлінің «Кім болмақшы?» атты өлеңін оқыды.

Оқырмандар арасында «Мамандықты тап» атты ойын ойнатылып, оқушылар ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/990-mamandy-ym-ma-tanyshym-mamandar-k-ni.html#sigProGalleria48fbe8d284
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz