Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1318223
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
424
609
2377
2242
6312
1290347
1318223
Ваш IP: 216.73.216.24
Время на сервере: 16-08-2025 19:22:20

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Кітапханада, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсаттарында, «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» орай «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға қонақ ретінде кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында келген аудандық,  ауылдық балалар кітапханаларының дәріс алушы кітапханашылары қатысты. Кітапхана қызметкерлерінің орындауында қазақ, украин, татар және өзбек ұлт өкілдерінің ұлттық киімі, дастарханы, салт-дәстүрі мен өнері тамашаланды. Оқырмандар мен қонақтар Отандас басқа ұлттардың салты, ұлттық киімі, тағамдары және тілімен жақынырақ танысып, ақпарат алды. Мерекеде тілі бөлек, діні бөлек болған ұлттардың Отаны бір, туған жері ортақ Қазақстан екені көрсетілді.

Мерекелік бағдарлама «Достығымыз жарасқан» атты кітап көрменің библиографиялық шолуымен аяқталды.

Қатысушылар саны – 50, көрмеге 25 кітап, 4 мерзімді басылым ұсынылды. 15 жаңа оқырман тіркеліп, 9 кітап қолға берілді.  

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz