детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 38 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024013
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
192
290
1785
2037
13756
982512
1024013
Ваш IP: 3.144.212.145
Время на сервере: 29-04-2024 13:11:06

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен 10 - 11 жас аралығындағы «Әрқашан күн сөнбесін» атты балаларға арналған асфальтта сурет салу байқауы болып өтті.

Байқаудың басты мақсаты – жас буынды шығармашылық қабілеттерін тереңдету, асфальтта сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, әр тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Мектептің оқушылары қатысып, еркін тақырыпта өз ойларын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен суреттер салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, сүйікті отбасыларын, достарын бейнелеген. Байқауға қатысқан оқушылардың суреттері бір - бірінен әдемі, көркем бояулармен салынған суреттер болды. Өте жақсы салынған суреттерге орындар мен сыйлықтар берілді. Шара соңында кітапхананың директоры М.Е.Ысқақ жеңіске жеткен балаларды алғыс хаттармен марапаттады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру