детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024012
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
191
290
1784
2037
13755
982512
1024012
Ваш IP: 18.117.196.217
Время на сервере: 29-04-2024 12:53:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.Расулова 2015 жылдың 14 мамырында Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернат оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Қазақстанның Халық Қаһарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Жауынгер жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі бойынша әңгіме-талдау өткізді.

"Жау тылындағы бала" повесі– Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол Майор Мергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағы әке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жомарт жетектеп Жамал эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап, эшелон қирайды. Жамал жау оғынан қаза табады. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі. Серік – жас партизан, патриот,тапқыр,қырағы, жасы онда, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі не артиллерист болғысы келеді. Іс - шара соңында «Қ.Қайсенов жауынгер жазушы» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру