Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 39 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1246073
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
141
889
8222
12597
12088
1204228
1246073
Ваш IP: 18.224.72.117
Время на сервере: 08-05-2025 10:49:58

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі Баймағамбетова А. №33 М. Әуезов атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Бегимбаева А. бірлесе отырып Қазақстан халқы Ассамблеясның 20 жылдық, мерейтойымен 1-мамыр Бірлік күні қарсаңында Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» атты тақырыбында 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік кеш өткізілді.

    Тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Динара Асылбековна кеш қонақтарын 1-мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесімен құттықтап кешті ашып берді. Кітапханашы  Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен сондай-ақ жиырма жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясының қарқынды дамып, елеулі өзгерісті басынан кешіргенін, бүгінде ешбір елде болмаған ерекше, саяси құрылым екенін балаларға насихаттап, еліміздегі бірлік пен келісімнің бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы екенін көрсететін балалар шығармашылығы көпшілік назарына ұсынылды. Жас оқырмандар достық туралы өлеңдер оқылып, «Өзбек», «Орыс», «Татар» және т.б. ұлттарының өнерлерін, тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін айшықтап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында өнерлерін көрсеткен балалар алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ «Тілегіміз – татулық, Тірегіміз - тұрақтылық» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz