детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024126
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
13
292
305
1593
13869
982512
1024126
Ваш IP: 18.219.224.103
Время на сервере: 30-04-2024 02:18:24

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

   Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы Анар Дүйсенова мен «Мейірім» мектеп-интернатының кітапханашысы Карима Мажиттің ұйымдастыруымен халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір   жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру, халқымыздың ерлік дәстүріне, отансүйгіштікке, адамгершілік, патриоттық сезімдерін ояту, Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту, оқушыларға батырдың өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен таныстыру мақсатында Б. Момышұлының 105 жылдық мерейтойына орай «Ерлігі елге өнеге, ер Бауыржан» тақырыбында әдеби микс өткізілді.

    Әдеби микс шарасына саңырау және нашар еститін балаларға арналған түзету «Мейірім» мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары қатысты. Бүкіл әлем халқына аңыз болып тараған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларын оқырмандарға насихаттап, ерлігі елге өнеге ер Бауыржан атында мемлекетімізде патриоттық рухта тәрбиелейтін арнаулы орталықтар, мұражайлар, көше, мектеп аттары бар екенін, Бауыржан туралы қанша айтсақ та, қанша жазсақ та білгенімізден білмейтініміз әлі алда екені айтылды. Жас оқырмандар Бауыржан туралы көрген кинолары мен оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісті. Кеш соңында «Ерлікке тағзым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сурдопедагог А. М. Туралиева және тәрбиеші З.О. Бекхожаевалар балаларға түсінікті тілде жеткізе білді.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру