детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023978
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
157
290
1750
2037
13721
982512
1023978
Ваш IP: 3.15.190.144
Время на сервере: 29-04-2024 11:24:20

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен № 49 орта мектептің 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен  Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін » атты ауызша журнал өткізілді. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы – адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену – біздің қасиетті парызымыз. Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оның көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады.

   Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабысқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. «Қазақ даласының сұңқары» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру