Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бибігүл Иманғазинаның «Бибі - Сана» роман-трилогиясының таныстырылымы өткізілді.
Оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет алып, кітапта көтерілген негізгі тақырыптар — адам жаны, сезім әлемі, тағдыр, рухани ізденіс жайында танысты. Шығармадан үзінділер оқылып, мазмұны талқыланды.
Таныстырылым барысында оқырмандар өз ой-пікірлерін білдіріп, кітап кейіпкерлері мен көтерілген мәселелерге қатысты пікір алмасты. Іс-шара жас оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын күшейтті.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2384-bibi-sana-roman-trilogiyasyny-tanystyrylymy.html#sigProGalleriac67f78efb4








