Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасап, рухани игі өзгерістер белесін өскелең жас ұрпаққа таныту мақсатында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - бабам берген аманат» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия оқушылары белсене қатысып, өлеңдерін жатқа айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ тәуелсіздіктің тарихы баяндалып, жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, халқына деген құрмет пен ұлттық құндылықтар дәріптелді.
Тақырыпқа сай жасалған көрмеге шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2370-t-uelsizdik-babam-bergen-amanat-tanymdy-sa-at.html#sigProGalleria50749f627c








