«EcoLand» жобасы аясында оқырмандарға теңіздердің ғаламдық маңызын түсіндіру, теңіз экологиясы мен оны қорғау жолдары туралы мәлімет беру мақсатында кітапханада «Теңіз – тұңғиық әлемі» тақырыбында әңгімелесу өтті.
Бүкіләлемдік теңіз күні — жыл сайын қыркүйек айының соңғы аптасының бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл күн теңіз экожүйесін сақтау, теңізшілердің еңбегін құрметтеу және теңіз ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударуға арналған.
Әңгіме барысында теңіздердің Жер бетіндегі маңызы, суасты әлемінің байлығы, теңіз ластануының салдары мен оны қорғау жолдары талқыланды. Оқырмандарға теңіз туралы қызықты деректер беріліп, кітаптар мен энциклопедияларға шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2339-28-yrk-jek-b-kil-lemdik-te-iz-k-nine-oraj-te-iz-t-iy-lemi-gimelesu.html#sigProGalleria52c292c09c








