Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1385659
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
507
552
2864
1947
11114
1366262
1385659
Ваш IP: 216.73.216.216
Время на сервере: 24-01-2026 23:00:22

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» кітап оқу акциясы аясында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік оқырмандарды ынталандыру мақсатында «Кітап оқы – арманға ұмтыл!» үздік оқырмандарды марапаттау кеші өтті.

Іс-шара барысында Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары арасында жыл басынан ең көп кітап оқыған үздіктер марапатталды. Оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары туралы пікірлерімен бөлісіп, кітап оқу арқылы алған әсерлерін айтты.

Марапаттау барысында Тараз қаласының орта мектептердің оқушылары Д. Қасымов, Ж. Бекжанқызы, А. Әбсат, А.Серік ынталандыру сыйлыққа, Н.Жаңабай,А. Шәмен «Зерделі жас» номинациясына, А.Қали, А.Болат «Кітапхананың мақтанышы» номинациясына ие болды. Ал, ең көп кітап оқыған Рахымберді Айша «Жыл оқырманы» номинациясымен мараптатталды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен Алғыс хат, Дипломдар берілді.

Кеш қонақтар қатарында журналист, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы, журналист, балалар жазушысы, республикалық «Еңбекші» газетінің бас редакторы Марат Құлибайұлы, филолог, журналист, «Анаға тағзым» орталығының директоры Мырза-Ғали Эльмира, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Қамар Қарасаева болды.

Көрермен назарына мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы «Ерке» ЖК-дің домбыра үйірмесі күйлер орындап, «SMART» ЖК би үйірмесі қазақ «Аманат» және түрік «Байрам» билерін ұсынды.

Сонымен қатар, кітап көрмесіне шолу жасалды.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.jpeg

Кликните, чтобы открыть изображение!

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2328-kitap-o-y-arman-a-mtyl-zdik-o-yrmandardy-marapattau-keshi.html#sigProGalleria9faf3a753e
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz