Тараз қаласы № 49 орта мектеп оқушыларына «Қазақстанның егемендік жолындағы тарихи белесі» ақпараттық сағаты өтті. Ақпараттық сағат барысында оқушыларға еліміздің Тәуелсіздікке дейінгі күрес жолы, Тәуелсіздік жарияланған тарихи сәт, мемлекет қайраткерлерінің еңбегі туралы мағлұмат берілді.
Сонымен қатар, «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» тақырыбында көрме ұсынылды. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2327-aza-stanny-egemendik-zholynda-y-tarikhi-belesi-a-paratty-sa-at.html#sigProGalleria8ebc2fcef1








