детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 22 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1026835
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
16
1981
3014
1593
2425
1010257
1026835
Ваш IP: 3.128.199.162
Время на сервере: 03-05-2024 02:41:58

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Күй атасы –Құрманғазы Сағырбай ұлының туылғанына 195 жыл толуына байланысты  Жамбыл облыстық балалар мен  жасөспірімдер кітапханасында  «Жас талант» атты драма және домбыра үйірмесінің ұйымдастыруымен күй кеші өтті.

Мақсакты: Қазақ күй өнерін насихаттау, дәріптеу.

Үйірме мүшелері №8 мектеп Төле би атындағы гимназия және №11 орта мектептің  оқушылары белсене қатысты. Күй өнерінің классигі, күйші сазгер - Құрманғазының өмірінен қысқаша қойылым қойылды. Күй атасы Құрманғазы ролін үйірме мүшесі Әлішер Еркебұлан сомдады, шәкірті Дина Нұрпейісованың ролін Полотбекова Айдана ал, соңғы шәкіртінің ролінде Әбдіғазиев Жәнібек ойнап көрермендердің көңілінен шыға білді. Кеште Құрманғазынының  «Балбырауын», «Серпер», «Адай» т.б. күйлерін үйірме мүшелері Мадиярбек Меруерт, Әлішер Еркебұлан, Тортаев Еркебұлан құйқылжыта орындап көрермендер көңілінен шыға білді.

Күй кешінде Жамбыл облыстық филармониясының күйшісі Дидар Басығараев қатысып, Құрманғазының «Арба соққан», «Сарыарқа» т.б. күйлерін орындап жас үйірме мүшелеріне өнеге бола білді.

«Жас талант» драма және домбыра үйірмесің мақсаты балаларды қазақ халқының күй өнеріне баулу және балалардың тіл байлығын арттыру.

Кештің соңында үйірме жетекшісі Сабралиева Зәуреш Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының  директоры  Мейрамкүл Елеукенқызына сөз сөйлеп, күй кешінде өнер көрсеткен оқушыларға алғыс айтып, марапаттады.

Кешті дайындаған ОБЖК-ның іс-шара жүргізушісі: Сабралиева З.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру