Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Кітап – білім кілті, бала – болашақ үміті» кітап кейіпкерлерінің шеруі өтті.
Балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін балаларға ұғындыруды мақсат етіп, ашық аспан астында ерекше форматта ұйымдастырылған шараға қала қонақтары, саябақта қыдырып жүрген балалар қатысты. Алаңда ертегі кейіпкерлері жұмбақтар ойынын, интерактивті, ұлттық ойындар ойнатып, балалар әдебиетінің кейіпкерлерінің шеруі жиналғандарға жағымды көңіл күй сыйлады.
Іс-шара аясында түрлі жанрдағы ертегі кітап көрмелері мен ерекше кітап инсталляциялары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар келушілер тек кітаптармен танысып қана қоймай, рухани дүниені байытар мазмұнды бағдарламаның куәсі болды.
Кітап көрмесіне балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар қойылды.
Іс- шара барысында «Сайгүлік», «Болашағы біз елдің», «Жаса, елім» және т.б. рухты әндер шырқалып, көңіл сергітер «Қимақ», «Кім ұшты», «Доп лақтыру», «Қол шатыр», «Ойлан тап» ойындары және т.б. викториналық ойындар ойнатылды.
Іс-шара Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында жұмыс істейтін балалар шығармашылық үйірмелерінің қатысуымен өтті. ЖК “Толыбаев”, ЖК «Биналиева Т.М.”, ЖК “Әбдіқалық”, ЖК “Бастау-М”, ЖК “М-арт”, “Ерке” «Smart» және “Қарақат” шығармашылық орталықтар өнер көрсетті.Белсене қатысқан өнерпаздарға алғыс хат беріліп, оқырмандарға сыйлықтар таратылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2244-kitap-bilim-kilti-bala-bolasha-miti-kitap-kejipkerlerini-sherui.html#sigProGalleria8ffda4171f