Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясының оқырмандарымен ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында Т.Молдағалиевтің 90 жыл толуына орай «Құстар қайтып барады» танымдық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқырмандарға лирик ақынның өмірлік жолы мен шығармашылығынан кеңінен ақпарат беріліп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынды. Лирик ақынның өлеңді жазу барысында сыршыл сезімдерді ояту арқылы өлеңнің мәтінін, әннің мәні мен маңызын, әннің шығу тарихына мән бергенін аңғаруға болатынын оқырмандарға тереңінен жеткізді. Лирикалық өлеңдермен қатар, ақын балалар әдебиетін назардан тыс қалдырмаған. Балалар әдебиеттері: «Шақырады көктем», «Етекбай атам үйінде», «Қар жауып тұр» т.б. Кітапханашы оқырмандарға өлеңнің мәтінімен таныстыра отырып, әсем әнді нақышына келтіріп әуелете шырқады. Шара соңында ақынның кітаптарына шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2218-t-manbaj-molda-aliev-90-zhyl-star-ajtyp-barady-tanymdy-sa-at.html#sigProGalleriafd4734dbdf