Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 90 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1244096
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
185
6060
6245
12597
10111
1204228
1244096
Ваш IP: 52.15.165.239
Время на сервере: 06-05-2025 12:11:43

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен №62 орта мектебінде Әулиеата өңіріне танылған қаламгер азамат, балалар жазушысы – Марат Құлибайұлының 50 жас мерейтойына орай «Балалар әлемінің бағбаны» шығармашылық кездесу кеші өткізілді.

Кеш қаламгердің өмірлік жолы мен шығармашылығы жайында бейнебаянмен және 2 сынып оқырмандарының «Қазақстаным Отаным» әнімен ашылды. Кездесу кешінің иесі, қаламгер Марат Құлибаев құрметпен сахна төріне шақырылып, оқырмандардың сауалдарына жауап беру арқылы сұхбат өрбіді.

Қаламгердің оқырмандармен кездесу кешіне қаламдас әрі әріптес інісі –«Ақ жол» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, айтыскер ақын Есет Досалы мен анасы – Азимова Нұрғаным Рахымбекқызы шығармашылық кеш иесіне ақжарма ізгі тілектері мен арнау жырын қара домбырамен шебер жеткізе білді.

Балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан қаламгер «Мейірім», «Жұлдызы биік Жуалы», «Апамның аялы алақаны», «Қолқанат» атты тарихи-танымдық кітаптарына толық тоқталып өтті.

Аталған мектеп оқырмандары қаламгердің «Бейбітшілік құсы», «Жеті ата» әңгімелерінен көрініс қойып, өнерлерін паш етті. Жазушының мерейтойына арнайы Республикалық балалар журналдары «Балдырған» және «Жыл – он екі ай» құттықтаулары бейнебаянмен жолданды.

Кеш соңында кітапханашы «Балалар әлемінің бағбаны» атты кітап көрмесімен таныстырып, өнер көрсеткен оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz