Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 86 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1286063
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
129
197
1801
3783
15359
1233985
1286063
Ваш IP: 216.73.216.118
Время на сервере: 23-06-2025 09:21:00

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жарияланған ІІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында облыстық байқау өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіру. Байқауға ережеге сай 15 ке жуық жас оқырмандар қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына қатысуға жолдаманы Мойынқұм ауданының қатысушысы Амандық Иманғали алды. I-орынды Қордай ауданы қатысушысы Әйтелбай Дінмұхаммед, II-орынды Талас ауданы қатысушысы Уызбай Таңшолпан, III-орынды Тараз қаласы қатысушысы Бауыржан Аяна, Байзақ ауданы қатысушысы Алламберген Жібек иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушыларды дайындағаны үшін жетекшілерге де алғыс хат берілді.

Қазылар алқасы құрамында «AQ JOL» газетінің аға тілшісі, жазушы Қамар Рахметуллақызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Ғалия Абылай, А. Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, п.ғ.м. магистрі Кусёва Салтанат болды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/2175-sh-k-rim-o-ulary.html#sigProGalleriabbe80a94ce
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz