детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024861
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
23
428
1040
1593
451
1010257
1024861
Ваш IP: 18.223.125.219
Время на сервере: 02-05-2024 03:09:06

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Әр сәуір айының басында халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын атап көрсету және кітапхана имиджін көтеру мақсатында осы күнге орайластырылып Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер және облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханалары «Көне Тараз» тарихи, этно-мәдени кешені, көркемсурет галереясында «Әлемді кітап арқылы танимын!» мерекелік кеш өткізді.

Кеш барысында ерекше атмосфера сезіліп, Қошқар мен Теке және басқа да ертегі кейіпкерлері балаларға блиц сұрақтар қойып, ертегі желісі бойынша жұмбақтар, жаңылтпаштар мен викториналық сұрақтар жасырып, ойындар ойнатты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университет білімгерлерінің қатысуымен «Театр және кітап» жобасы аясында «Үш торай» және «Бауырсақ» ертегілердің қойылымдары қойылды, ал «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының» талантты өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шара барысында оқырмандарға балалар әдебиетінің кітап көрмесіне шолу жасалып, белсене қатысқан балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Кітапхана ұжымы аталған іс-шараға қолдау көрсетіп, жоғарғы деңгейде өтілуіне септігін тигізген өнер орталықтары мен өнерпаздарға алғысын білдірді.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру