детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 70 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1024957
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
119
428
1136
1593
547
1010257
1024957
Ваш IP: 18.222.115.120
Время на сервере: 02-05-2024 07:27:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.

2017ж – Ескен Елубаевтың, 2018ж – Сұлтан Қалиевтың, 2019 ж – Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылықтары бойынша өткізілсе, 2021 ж - Әлдихан Қалдыбаевтың, ал 2022 жылы - арасында балалар ақыны Совет Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналды.

Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай 8-12 жас аралығындағы аудандық іріктеу кезеңінде жолдама алған 12 оқырман қатысты.

Байқауға арнайы шақырылған қонақтар – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы - Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы, балалар жазушысы, журналист - Көсемәлі Сәттібайұлы, сатирик-ақын және балалар ақыны, бірнеше кітаптың авторы, Жамбыл радиосының жетекшісі - Әлімқұл Бақытжан Советұлы, журналист, сан қырлы журналистиканың қазанында қайнаған, теле жүргізуші, көп деген әндердің авторы - Ғайни Әлімбекқызы, 2017 жылы өткен Е.Елубаев оқуларының жеңімпазы, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетінің білімгері – Нұрлан Нұргерім Мақсұтұлы, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гульфайруз Капаровна төрелік етті. Сонымен қатар осынау игі шараның соңғы кезеңінде 4 жылда өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қонақта.

Қатысушылар «Мен – талантты оқырманмын» сайыскер өзін-өзі таныстыру, «Портрет галереясы» портреттегі ақын-жазушыларды табу, балалар жазушысы С. Әлімқұловтың шығармаларынан өлеңдерін немесе сахналық қойылым қою, «Әдеби бәйге» ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру кезеңдерден бақ сынады.

Облыстық байқауға мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығы мен «Қарақат» мектеп студиясының балалары домбыра, ән мен би өнерлерін көрсетті.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру