Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 52 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1250416
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
35
4133
12565
12597
16431
1204228
1250416
Ваш IP: 3.136.37.101
Время на сервере: 10-05-2025 02:51:07

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«100 кітап» жобасы аясында

«Әлем әдебиетінің жауһарлары»

кітап карнавалы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан бастау алған «100 кітап» кітапханалық жобасы аясында 2018 жылдың 26 қаңтар күні Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар бөлімінде «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалы өткізілді.

Жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында кеш қазақ көгіне күн болуды армандаған ақын С. Торайғыровтың өлеңдерінен құралған әдеби композициямен ашылып, өмір жолымен таңдамалы шығармалары таныстырылды. Сондай-ақ, «100 кітап» жобасы аясына енген - І.Жансүгіровтың «Құлагер», А.Шопенгауэрдің «Әлем дегеніміз – ерік пен ұғым», М. Жұмабаевтың таңдамалы шығармаларын, С.Сейфуллиннің «Көкшетау», Ш.Айтматовтың «Ақ кеме», Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен тер», И.Тургеневтың «Әкелер мен балалар», Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» кітаптары жайында пікірлерін айтты. Қырғыз, қазақ жазушысы Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» кітабы желісі бойынша «Бұғы ана» туралы аңызынан көрініс көрсетілді.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz