Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1250408
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
27
4133
12557
12597
16423
1204228
1250408
Ваш IP: 3.15.147.225
Время на сервере: 10-05-2025 02:05:05

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

акция Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер» жобасының, «Туған жер-Туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында , «100 кітап» жобасы қабылданған. Аталған жоба  аясында «Бір кітапты бір мерзімде оқу» (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы) акциясы өткізілді.

 

Акцияға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова, «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары,Тараз қаласының студент жастары қатысты.

Іс-шара барысында жиналған қауымға акцияның бағдарламасына сәйкес

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы жобалар мен іс-шаралар реестірінде бекітілген «100 кітап» жобасы туралы айтылды. Шараны Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын  Үміт Қыранқызы Битенова ашып, сөз сөйледі.

Акция, романға қысқаша түсініктеме жасаумен басталып,     кітапхана қызметкелері кітапқа аннотация берді.

Іс-шараға қатысушы оқырмандар роман үзінділерін кезекпен-кезек дауыстап оқып, кітапхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Роман бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына сөз беріліп, өз ой-пікірлерін білдірді.

 Акцияға байланысты баннер ілінді, «Рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі жасақталды, көрмеге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар және ақынның шығармалары, «Қамар сұлу» романы қойылып, насихатталды.

Акцияның мақсаты әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру; жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру; сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру; ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылықты тудыру.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz