Іс-шара барысында «Логопедтік пункт» тақырыбында логопедиялық жаттығулар өткізілді. Осыған орай №13 бөбекжай балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері логопедтік жаттығулар жасалды.
Тіл гимнастикасы: қызықты және көңілді өтті. Бет пен ерінге арналған артикуляциялық гимнастика кешені үйретілді. Сөйлеу барысында балалардың дұрыс тыныс алуын дамытуға арналған ойындар ойнатылды. Ұсынылып отырған ойындардың барлығы дерлік баланың сөйлеуін дамытуда өте тиімді.
CommentsЖасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» кітапханалық жобасының аясында Ы.Алтынсарин атындағы №49 гимназия оқырмандарының қатысуымен «Жасөспірім, сенің мәселелерің және қызығушылығың» тақырыбында сұхбат өткізілді.
Сұхбат барысында оқырмандардың қызығушылықтары, арман-мақсаттары, таңдаған мамандықтары туралы сұрақтар қойылып, іс-шараға қатысушылар өздерінің ұтымды жауаптарын берді.
Шара соңында тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&limitstart=0#sigProGalleria3088334802
Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, еліміздің және егемендігіміздің тарихын насихаттау мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясының қатысуымен «Жасай бер Қазақстаным!» медиа сағат өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен басталып, оқырмандарға Республика күнінің шығу тарихы, 2022 жылдың 16 шілдесінде Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы ұсынысы және 29 қыркүйегінде Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлау туралы заңның күшіне енгендігі жайлы ақпараттар берілді.
Оқырмандар мерекеге орай патриоттық өлеңдер орындап, сұрақтарға белсене ат салысып, толыққанды жауап берді. Іс-шара соңында «Әлем таныған Қазақстан» кітап көрмесіне шолу жасалды.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&limitstart=0#sigProGalleriaa8fedd4dcc
Кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту мақсатында 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі аясында «Кітапхана көшбасшысы - 2024» аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашыларына арналған облыстық байқау өткізілді.
Бес кезеңнен тұратын байқауға қатысуға білім деңгейіне, жұмыс өтіліне, лауазымына қарамастан ықылас білдірген сегіз аудандық кітапханашылар қатысты. Байқау талаптарына сәйкес кітапханашылар өзін таныстырып, «Мамандығым – мақтанышым» кезеңінде үздік жобаларын ұсынды. «Үздік библиографиялық шолу» кезеңінде, оқырмандарға ұсынатын кітаптарға шолу жүргізу ерекшеліктерінде тақырып таңдау, ойын ұтымды жеткізу, оқырмандармен жұмыс жасау қабілеттерін көрсете білді.
Байқау соңы әр қызметкердің бос уақытында немен әуестенетінін көрсететін шығармашылық тақырыпқа ұласып, жіңімпаздар анықталды. Үздік таныстыруымен, құрылған жобаларының ерекшелігімен көзге түскен Жамбыл ауданы кітапханашысы Хожамқұлова Замира Дүйсенгалиқызы 1-ші орын иегері атанса, Меркі ауданының кітапханашысы Ергеш Айнұр Қалдыбайқызы 2-ші орын, Байзақ ауданы Саршаева Ақмарал 3-ші орын жүлдегерлері атанып құнды сыйлықтарға ие болды. Жуалы ауданы «Үздік таныстырылым», Сарысу ауданы «Жаңашыл кітапханашы», Шу ауданы «Үздік библиографиялық шолу»,Қордай ауданы «Ізденімпаз кітапханашы», Талас ауданы «Үздік өнер» номинациялары бойынша сыйлықтармен Алғыс хаттар алды.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=536&limitstart=0#sigProGalleria0c02850e73