Білім беру ұйымдарының кітапханаларын дамыту стратегиясының бағыттарына назар аудару, кітапханашылардың жұмысын жандандыру, қазіргі таңдағы инновациялық даму бағытын айқындау мақсатында техикалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі рөлі, даму кезеңдері мен бағыты» облыстық семинар-практикум өтті.
⠀Осы облыстық семинар-практикумда ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасап, рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған «Тәуелсіздік тұғыры – Ұлы дала арманы» кең көлемді кітап көрмесі жасақталды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=535&start=652#sigProGalleriaedd2a460a3
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым: Тәуелсіздік кезеңдері» ой талқы өткізді.
Тәуелсіздік жылнамасымен қатар, тарихи оқиғалар, тәуелсіз елдің әдебиеті үлгілерінен өлеңдер оқылды.
Тәуелсіздіктің мағынасы мен мәнін ұғыну – Отансүйгіштіктің алғашқы баспалдағы. Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылған ой талқы барысында кітапхана қорының әдебиеттеріненжасақталған «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым!» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Көрменің негізгі идеясы - қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету.
Аталған көрмеде еліміздің кешегі мен бүгінгі жарқын келбеті салыстырмалы түрде көркем фотосуреттермен берілген.
Кітап көрмесіне:Н.Назарбаев «Тәуелсіздік белестері», Н.Ә.Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік шежіресі», «Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл», Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі», Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан[Мәтін]/Алматы: Балауса,2009–184бет., Тәуелсіздікке талпыныс[Мәтін]/публицистикалық мақалалар/Көлбай Адырбек.– Алматы:Айғаным, 2016. – 380 бет., Тәуелсіздік. Демократия.Гуманизм[Мәтін]/2-ая книга.– Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 2011.–392 с.т.б. кітаптары қойылды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=535&start=652#sigProGalleriaeb426e08b8
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың туғанына – 55 жыл.
«Қайсар рухты қазақ» кітап көрмесі
Желтоқсан оқиғасы арқылы бабаларымыздың армандаған егемендігіне жеткендігімізді, тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқырмандарға жете ұғындыру, оқырмандардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Қайсар рухты қазақ» кітап көрмесі жасақталды.
Кітапхана қорынан алынған әдебиеттерден желтоқсан құрбандарын еске алып, олардың ерліктері жөнінде мағлұмат беріліп, көрмеге қойылған М.Шаханов «Желтоқсан эпопеясы», Б.Абилов «Желтоқсан -86», «Желтоқсан батырлары», Т.Айтбайұлы «Желтоқсан көтерілісі», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», Е.Әбікенұлы «Желтоқсан ызғары» кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=535&start=652#sigProGalleria198cb5bd1e
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жергілікті жас ақындарды кейінгі ұрпаққа насихаттай отырып, олардың өмір жолын, еңбегі мен шығармашылығын халыққа кеңінен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, Ұлттың ұлы мұраты – Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің, сондай-ақ рухани құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын көпшіліктің, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа бағыттау, шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру және жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім» жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.
⠀Жас ақындарымыздың жырларын әділ бағалауға Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы Демешев Құрмаңғазы және жас ақын, тілші Әбдір Шапағат төрелік етті.
⠀Жыр мүшәйрасы үш кезеңнен өтті: 1 – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру) 2-кезең. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (ұяшық таңдау, экранда берілген сөзге 3 минут ішінде бір шумақ өлең шығару) 3-кезең.«Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім!» (шешендік өнерлерін қара сөзбен айтып көрсету) және Қазақстанымыздың нығайып, әрқашанда берік болуы үшін не істеуіміз керек? - деген сұраққа өз ойларын білдірді.
⠀ Мүшәйраның қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен «Үздік ақын» номинациясын Алдаберген Ерсултан, «Өнерлі ақын» номинациясын Жиенғали Исламали, ал «Белсенді ақын» номинациясын Абдуалиева Айман иеленді. Оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталып, қалған қатысушылар Тұрғынбекқызы Жания мен Айтбай Аяжанға белсенділіктері үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шара соңында «Тәуелсіздік тұғыры – ұлы дала арманы» көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, слайд көрсетілді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=535&start=652#sigProGalleria847873b371