Қазақстандық оқырмандар арасында Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен жарияланған оқуға ұсынылатын ең үздік 100 кітапты айқындау мақсатында өткізілген «100 кітап» ұлттық сауалнамасы жайлы мағлұмат беру, кітап оқуға қызығушылықты арттыру, жастардың әдеби талғамын дамыту бойынша «Әдебиет оқыған ұрпақ – болашағы биік ел» кітап көрмесі өтті.
Бұл көрме ұлт руханиятының негізі саналатын әдебиетті дәріптеуге, оқырмандардың әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. «Әдебиет оқыған ұрпақ – болашағы биік ел» атты тақырыптық көрме жас ұрпақты адамгершілікке, тәрбиелеуде әдебиеттің ұлтжандылыққа рөлін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Көрме оқырманға әдебиет арқылы рухани байлық, тарихи сана мен ұлттық болмысты терең түсінуге мүмкіндік береді.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=173&start=64#sigProGalleria40bc78915a
Д.А. Қонаев атындағы облыстық жасөспірімдер мен балалар кітапханасында балаларға арналған қызықты да танымдық «Балапан» әлемі атты журнал бар. Журналда ертегілер, өлеңдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, сондай-ақ қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындар бар.
Келіңіздер, бірге оқиық!
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=173&start=64#sigProGalleria39afe33f19
«EcoLand» жобасы аясында оқырмандар арасында экологиялық тәрбие беріп, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімді дамыту мақсатында әлеуметтік желі пайдаланушыларға «Қалдықтарды қордалау және өртеу» мәселесі бойынша бейнеролик ұсынылды.
Бейнероликте Қазақстандағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарды қордалау және өртеу (қордалау - бұл табиғи биологиялық ыдырауға негізделген қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы), оларды азайту, есепке алу мен бақылау, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайы, оларды өңдеп, кәдеге асырудың жолдары көрсетілген.
CommentsОтбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту мақсатында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 7-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ем алушыларға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Мерседес және махаббат», «Он бес жасар капитан», «Ғарышқа жаяу саяхат», «Ежелгі Греция мифтері» және т.б көптеген кітаптар ұсынылды. Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://www.jobjk.kz/kz/neg/homepage-4.html?id=173&start=64#sigProGalleriaa862e834f6








