Отбасылық кітап оқу мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру, оқырмандарды кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру.
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандарға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Бард Бидлдің ертегілері», «Айдаһар әміршілері», «Таңғажайып хайуандар мен олар мекендейтін аймақтар», «Сыңармүйізді ханшайымдар», «Нарния шежіресі», және т.б кітап көрмесі ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
Кликните, чтобы открыть изображение!
http://www.jobjk.kz/kz/?start=144#sigProGalleria48bb6a4c3e
10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы сарбаздарының қатысуымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» мәнерлеп оқу шеруі өтті.
Іс-шара барысында ақын өлеңдерін әскери бөлімнің сарбаздары нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Абайдың өмір жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Іс шара ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнімен қорытындыланды.
Comments«Ескерткіштер өткені мен бүгіні» жобасының аясында жас ұрпақты ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру, шығармашылығын насихаттау мақсатында 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында әдеби боулинг өткізілді.
Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, ұлы ақынның құрметіне Тараз қаласында 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Абай даңғылында орнатылған ескерткішінің тарихы туралы ақпарат берілді.
Кітапхана оқырмандары ақын өлеңдерін жарыса оқып, өмірбаянына қатысты жасырылған викториналық сұрақтарға боулинг ойыны арқылы жауап берді.
Шара соңында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңі айтылды.
Comments10 тамыз Абай күніне орай ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, Абай шығармашылығын танытып өсуге тәрбиелеу мақсатында балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Абай – өлең патшасы» атты әдеби кросс өткізілді. Жас оқырмандар ақынның өмірімен танысып, өлеңдерін жатқа айтты.
Comments