23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай, өскелең ұрпақты кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру мақсатында «Сәнді ойын сауықтан, саналы сауат ашуға» book party өткізілді.
Іс-шарада Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Е.Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» және шетел жазушыларының «Гарри Поттер», «Мұз Ханшайымы» шығармаларының кейіпкерлері 3Д форматтағы образдарды сомдады.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері «Қошқар мен Теке», «Шалқан» ертегілерінен үзінділер қойып, оқырмандармен «Әріптер сөйлейді», «Кім күшті?» ойындарын ойнады.
CommentsБалаларды кітап оқуға баулу, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «ART & SCIENCE:БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі аясында «Балаларға базарлық» book party өтті.
Іс-шара «Смарт» мектебі бишілерінің «Барби» биімен ашылып, әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесін сомдаған кітапхана қызметкерлері оқырмандармен түрлі ойындар ойнап, ертегі әлеміне бірге саяхат жасады. Балалар көңілді-күймен атсалысып, алған әсерлерімен ой бөлісті.
Оқырмандар арнайы жасалған кітап көрмелерімен танысып, ұнаған кітаптарын алып оқуға қызығушылықтарын көрсетті.
http://www.jobjk.kz/kz/#sigProGalleriad1fdb2d283
Болашақ жастарды Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілділікке, өз ойын айтуға машықтандыру мақсатында 24 сәуір – Халықаралық жастар ынтымақтастығы күніне орай Керімбай атындағы №12 орта мектептің 10 сынып оқырмандарымен «Жалынды жастар – ел болашағы» достық көпірі өткізілді.
Іс-шара барысында жастармен сауалнама жүргізіліп, екі топқа бөлініп «Кім жүйрік», ұяшық таңдау арқылы сайыс өткізіліп, патриоттық әндер орындалып, «Ел ертеңі – жалынды жастар» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
http://www.jobjk.kz/kz/#sigProGalleria3be98242e2
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасы бақыты, қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Отбасы сіз үшін...» тақырыбында психологиялық тренингтер мен жаттығулар өтті.
Психолог – А.Назымбекованың тренингі барысында тәрбие процесіндегі қиындықтарды пікірлесе отырып, ойды түйіндеп, өмір жолында пайдалану әдісі талқыланды. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі, «Жанұя бақыты» әдістері бойынша жаттығулар жасалды.
Оқырмандар «Отбасы – бақыт мекені» кітап көрмесімен танысты.
http://www.jobjk.kz/kz/#sigProGalleriae81dd9a099