Біз ақпарат беттеріндеміз
Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлттың ұлы қаламгері» атты С.Торайғыровтың шығармаларына арналған оқырмандар конференциясы өткізілді. Оған №23 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапханашылары қатысты.
CommentsМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетінімізді атап көрсетті. Бұл бастама қазақстандықтарды ұлттық бірегейлікті нығайтуға шақыратынын, 30 дамыған елдің қатарына енуге, бағдарламалық құжатта айтылған рухани байлықты сақтауға септігін тигізетінін жұртшылыққа түсіндіру, латын әліпбиінің жан-жақты талқылануына атсалысу мақсатында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының
CommentsТараз қаласының зиялы қауым өкілдері және «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар кітапхананың «Дәуір данасы» атты ар- найы ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімінің куәсі болды.
CommentsЖуырда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқау өткізілді.
Көрнекті ақын, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараның мақсаты балаларға арналған танымдық, тәрбиелік туындылар арқылы жасөспірімдердің қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру. Байқауға он ауданнан жеті мен он бес жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Сайыста Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қанат Қайым, сазгер, әнші Үміт Битенова сарапшы болып, әділ баға беріп отырды.
CommentsБұрнағы күні «Достық» үйінде қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Ескен Елубаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқауы өтті. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шараға кітап оқырмандары, қала жұртшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ардагерлер қатысты.
Comments







