Біз ақпарат беттеріндеміз
Керек сабақ
Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен азаматтық қорғаныс бойынша сабақ өтті.
Оған облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының полковнигі Бақытжан Құлмағанбетов пен кітапхана ұжымы қатысты. Кітапхана директорының орынбасары Жанат Айтжанова азаматтық қорғаныс туралы мағлұмат беріп өтті. Ал Бақытжан Аманұлы төтенше жағдайлар жайында ақпараттандырды.
CommentsЖанар Тәттімбетова, облыстық балалар мен жасөспірімдер
кітапханасының әдіскері
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан дер кезінде шешім қабылдай білетін, алыстағыны уақытында болжап, саралап, сараптай білетін көреген басшы, кемеңгер саясаткер екені ақиқат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын тең дәрежеде ұстап отырған Президентіміз мемлекеттің экономикалық тұрғыда дамуын түрлі реформалармен, маңызды құжаттармен қамтамасыз етіп келгені мәлім.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «мен, сен, ол, бәріміз – тұтас елдің сәніміз!» атты спорттық эстафета ұйымдастырды.
CommentsЖамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты мерекелік кеш аясында ҰОС және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
CommentsҚазір бізде «балалар кітап оқымайды» деген түсінік қалыптасқан. Бұны ащы да болса шындық ретінде қабылдауға тиістіміз. Дегенменде жақында қызмет бабында облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының меңгерушісі Анар Дүйсеновамен әңгімелесу барысында шын мәнінде бүгінгі мектеп жасындағы балалардың жаппай кітап оқуға талпынысын байқағандай болдық. Бұл тақырыпқа алда кеңірек оралып көрерміз, басқа кітапханалардағы жағдайға зерделеу жүргізерміз. Ал енді, облыстық осы кітапханада бүлдіршіндердің кітап оқуға деген құштарлығы айқын байқалады.
Comments







