Сайтта кім бар

Қазір 40 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1486252
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
839
966
2908
9229
28200
1450339
1486252
Ваш IP: 185.249.195.109
Время на сервере: 22-07-2026 23:35:57

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Біз ақпарат беттеріндеміз

ГУБАШЕВА Лариса. Помним и гордимся. Динмухамеду Кунаеву посвящается. [Текст] /Л.Губашева // Знамя труда.- 2024. -13 января (№5). -2 с.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/biz-a-parat-betterindemiz.html?start=175#sigProGalleriad5d7cad91b
joomlamodniyportal.ru

Comments

Нұржан Қадірәлі. Әулиеатада әжелер клубы құрылды. [Мәтін] /Қ.Нұржан // AQ JOL.- 2024. -4 қаңтар (№1). -8 б.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
https://www.jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/biz-a-parat-betterindemiz.html?start=175#sigProGalleriadc3e635a5c
joomlamodniyportal.ru

Comments

Әлеуметтік желіде емес, өмірде белсенді болайық

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Жастар жылы – жасампаздық бастауы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Шара барысында жиналғандар өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шарада Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова сөз сөйлеп, тәуелсіз еліміздің жас буынына артылатын сенімнің жоғары екендігін атап, Мемлекет басшысы тарапынан жасалып жатқан қолдауларға тоқталды. Кейіннен сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мақұлбек Жаналиев алдағы үш жылда Қазақстан бойынша 75 мың орындық жатақхана салынатынын, осылайша студенттер үшін тұрғын үй мәселесі толығымен шешілетінін айтса, ардагерлер Алдаберді Мақашев, Сәмен Жартыбаев, Сәмбеталы Шалданбаев жастарға көрсетіліп жатқан қамқорлық ел дамуының көрінісі екенін сөз етті. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев жастарды әлеуметтік желілерде уақытты бос шығындамай, барлық күшті пайдалы істерге арнауға шақырды. «Көптеген жастар нені армандайды? Жоғары оқу орнын бітіремін, жұмысқа орналасамын, менің жеке ісім, үйім, отбасым, балаларым болады дейді. Бұл – қарапайым адами мақсаттар. Бірақ оларға жету үшін не қажет? Жұмыс істеу және оны мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Мен жастарды жаңашыл болашаққа дайын болуға шақырамын», – деді ол. Жиында аға буын өкілдері жастарға ақыл-кеңестерін берді. Іс-шара барысында «Ел тірегі – жастар» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Досалы Е. Әлеуметтік желіде емес, өмірде белсенді болайық  [Мәтін] / Е.Досалы  // Ақ жол.- 2019.-23 ақпан (№21).- 8 б.

Comments

Жүректе қалған жара

 

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ауғанстан – жүректегі жара» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Тілеуберген Тұрлыбеков, Талғат Сұлтанқұлов және №60 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Алдымен жиналғандар Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Іс-шараға қатысушы ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтарындағы тәрбиелік мәні зор, өнегелі әңгімелерін айтып жастарды жігерлендірді. Оқырмандар өз кезегінде майдангер ардагерлерге сұрақтар қойып, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ «ерлік, батырлық, жауынгерлік» тақырыптарында өлеңдер оқылды. Кітапхана қорындағы Ауған соғысына қатысты кітаптар мен мерзімді басылымдардан «Отты жылдар жалыны» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандардың тарихи танымын кеңейтетін «Тарихта қалған таңбалы күн» атты слайд-тұсаукесер көрсетілді.

Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл іс-шара ұлтының ұлылығын танытатын азаматтарды тәрбиелеп, оқырмандарға рухани азық болғаны анық.

 

Досалы Е. Жүректе қалған жара  [Мәтін] / Е.Досалы  // Ақ жол.- 2019.-23 ақпан (№21).- 8 б.

Comments

«Ақ кемеден» басталған арман

Д.Қонаев кітапханасында жазушы Көсемәлі Сәттібайұлымен кездесу өтті.

Әдебиет – ардың ісі. Әсіресе балаларды ізгі қасиеттерге тәрбиелеуде көркем шығарманың алатын орны ерекше. Балалардың мөлдір әлеміне жол табу – қиынның қиыны. Мұны ерте түсінген, бүлдіршіннің талғамына сай қалам тербеп, періште көңілдерге жол таба білген жазушының бірі – Көсемәлі Сәттібайұлы. Қаламгер биыл алпыс жастың асқарына шықты. осыған орай Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалар әдебиетінің бағбанымен кездесу өтті.

«Көркем сөздің Көсемі» атты кездесуді ақын Құрманғазы Демеш жүргізіп отырды. Шараға белгілі ақын, ғалымдар, кітапхана қызметкерлері, Тараздағы №8 гимназияның мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Әуелі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Тараз қаласы мен Талас ауданының Құрметті азаматы, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы К.Сәттібайұлы сөз алып, балалық шағынан сыр шертті. Ол бал күндерінің Талас ауданы, Амангелді ауылында өткенін, сол кездегі балалардың көпшілігі кітапқұмар болғанын айта келіп, бір күні түкпірде жатқан алақандай ауылға атақты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы желісімен түсірілген «Менің атым – Қожа» фильмі келгенін әңгімеледі.

– Фильмнен қайтып келе жатқанымызда үш жас үлкендігі бар Серік Томанов (белгілі ақын): «Мұның кітабы киносынан да қызық», – дегені. Елең ете қалдым. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» туындысын дәл сол күні Серіктен алып оқыдым. Көркем әдебиетке деген қызығушылығым осылай оянды. Мектепте шағын буфет бар, оның бір бұрышында әдеби көркем кітаптар сатылады. Арасында Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» деген кітабы да бар. Төрт-бес күн бәлішке деген ақшамды жинап жүріп, «Ақ кемені» сатып алып, оқып тауыстым. Сөйтсем, Шорабек Айдаров (ол менен төрт жас үлкен): «Енді Шыңғыстың «Тау мен дала» кітабын оқы», – деді. Оны оқып, Шыңғыспен «ауырдым». Мектеп мұғалімі, ақын Есалы Қырықбаев ағайдан үйренгенім көп. Ол кісіге әлі өзімді қарыздар сезінемін. Жалпы, кішкентай Амангелді ауылынан Шона Смаханұлы, Оспанәлі Иманәлиев, Рафаэль Ниязбек, Ерғали Сағат, Нарша Қашағанұлы, Серік Томанов, Шорабек Айдаров, Әбділдә Сәрсенбиев, Телғара Үсенбаев, Болат Бекжанов бастаған көптеген ақын-жазушы, журналист шыққан, – деп түйіндеді қаламгер өз сөзін.

Кездесу барысында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов жазушының «Елгезек Бағдаршам, Ток-қуат және басқалар» атты хикаяты осыдан 30 жыл бұрын республикалық бәйгеде екінші орын алғанын, Көсемәлінің көркем әдебиеттегі орнын Тынымбай Нұрмағанбетовпен, Мархабат Байғұтпен қатар қоятынын айтып, қаламгердің бас редакторлығымен шығып жатқан «Aq jol» газетінің әр нөмірі көркем, оқылымды, жаңашыл, жан-жақты екеніне тоқталды. Мұнан соң М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ сөз сөйлеп, жазушының «Хауа-Ананың көз жасы» туындысын Ш.Мұртазаның «41-жылғы келіншек» әңгімесімен салыстыра отырып жазған мақаласына тоқталып, екеуі екі кезеңнің оқиғасын жеріне жеткізіп бере білгенін айта келіп, жазушының «Жылқыбай жездемнің сақалы», «Классик те жылай ма екен?» әңгімелеріне талдау жасады. Аталған кітапхананың оқу залының меңгерушісі Фарида Метерқұлова жиналғандарды жазушы шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып өтті. Ол жазушының «Ақылбайдың аты», «Шарбақтының жалғызы», «Шаншудың балконы» әңгімелерін, «Шың мен Шыңырау» эсселер жинағын кеңінен талдады. 

Гимназия оқушыларының жазушыға қойған сұрақтары да қызықты болды. Мәселен, Назым Есберген: «Жазушы мен журналистің айырмашылығы неде?» – десе, Диана Қапалбаева: «Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы сізге қалай әсер етті?», – деп сұрады. Лаура Амантаева: «Естеліктер жазасыз ба?», – деген сауалын жолдады. Ибрагим Тоқтасын болса, жазушы ағасының кімге еліктегенін білгісі келді. Жазушы балалардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, 1988 жылы республикалық әдеби байқауда екінші жүлдеге ие болып, ол сүйінші хабарды «Aq jol» газетінің сол кездегі бас редакторының бірінші орынбасары, белгілі балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаевтан естігенін, сол уақытта талабын байқаған бас редактор Арғынбай Бекбосын, бөлім меңгерушісі, белгілі ақын Жақсылық Сәтібеков қолдау білдіргенін, ал әлгі байқауға түскен шығармаларды бағалағанда туындысына Мұхтар Мағауин мен Қадыр Мырза-Әлі, Сейдахмет Бердіқұлов, Баққожа Мұқай қолдау көрсеткенін айтып, кездесуге келген қонақтарға, оқырмандарға, кітапхана ұжымына алғысын жеткізді. Мұнан соң кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова кездесуден балалардың, оқырмандардың үлкен әсер алғанын айтып, 60 жастың асқарына шыққан жазушыға зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Әсерлі кездесу ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың талантты інісі К.Сәттібайұлына арнап жазылған «Алтын қалам» өлеңімен түйінделді.

 

Досалы Е. «Ақ кемеден» басталған арман  [Мәтін] / Е.Досалы  // Ақ жол.- 2019.-14 ақпан (№17).- 8 б.

Comments

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: