детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 297 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022972
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
259
182
744
2037
12715
982512
1022972
Ваш IP: 13.59.236.219
Время на сервере: 25-04-2024 00:56:05

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы және Т.Рысқұлов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сыбанов Мұратбек Әйтімбетұлы өздерінің құттықтау сөздерімен облыстық семинарды ашты.

 

«Заман талабына сай облыс балалар кітапханаларында ақпараттық ресурстардың дамуы» Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхана директорының орынбасары Айтжанова Жанат Дүкембайқызы өз баяндамасын ортаға салды. Мұнда сайт арқылы аудандар бойынша автоматтандыру жүйесі туралы толық мәлімет берді.

Т.Рысқұлов аудандық орталық кітапханасының директоры Серікбаева Клара Рәпілбекқызы «Заманауи кітапхананың бүгінгі келбеті» атты баяндамасы жалғасын тапты.

Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жетпісбаева Жанат Қалмағамбетқызы «Оқу және уақыт: құбылмалы әлем, өзгерген оқырман, дамыған кітапхана» атты баяндамасын ортаға салды.

Т.Рысқұлов аудандық балалар кітапханасы «Кітапханадағы патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары» атты іс-шара өткізді. Іс-шарада кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көрініс қойылып, оқушылардан құралған театры көріністерімен жалғасын тапты. Іс-шараны қорытындылай келе жас оқырмандар патриоттық өлеңдер оқып, әндер шырқалды.

Т.Рысқұлов аудандық балалар кітапханасы «Кітапхана. Жылдар. Заманауи жаңғыртылуы» атты кітап көрмесін ұсынды. Атап айтар болсақ ???

«Кітапханалар және жаңа технологиялар: жетістіктерден жаңа бағыттарға» атты тақырыпта Меркі ауданынан Ырысбаева Гүлзада, Талас ауданынан Бекбосынова Лаура, Жуалы ауданынан Нұрманалиева Нұржанат, Сарысу ауданынан Қойлыбекова Айгүл бөлім меңгерушілері жаңашылдық жұмыстары бойынша өз жетістіктерін ортаға салды.

«Заманауи кітапхана: ақпараттар желісінде» атты айдарда ОБЖК оқу залы секторының меңгерушісі Амиркулова Гульвира өз шебер класын слайд шеңберінде көрсетті. Семинарға қатысушылар арасынан слайд бойынша көптеген сурақтар қойылып тұшымды жауап берілді.

«Кітапхана қорлары электронды дәуірде: дәстүрлі және электронды ресурстар» тақырыбында ОБЖК библиографы Мамырова Гүлсім Қуандыққызы сабақ өткізе отырып көптеген сұрақтарға жауап берді.

«Заманауи кітапхана қоры: басқару және оны дамыту мәселелері» ОБЖК кітап қорының сақтау бөлімінің меңгерушісі Назина Татьяна Александровна өз саласы бойынша сабақ өткізе отырып жаңадан алынған кітапхана қорын сақтауға тиімді мобильдік рельсті сөреге шолу жасады.

ОБЖК бүлдіршіндер секторының меңгерушісі Оңғарбаева Анар «Өзгереміз, жаңарамыз, алға жылжимыз» атты тақырыпта Flash – тренинг өткізді. Тренингте болашақ кітапхананы қалай елестетесіз тақырыбында суретін сала отырып топтық жарыс ұйымдастырылды. Әр топ келешек кітапханасының қандай болатыны жөніне пікірлерімен бөлісіп, салған суреттері бойынша қорғап шықты.

Мақсаты: «Заманауи ID технологиялар және ақпараттық ресурстар» жүйесі ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік беретін кітапхана кеңістігін ұлғайту, кітап пен кітап оқу саласындағы тиімді тәжірибесімен, іскерлік жұмыстарды ортаға ұсынып талдау, үйрену.

Семинарды қорытындылай келе Жамбыл облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы заманауи бағытта дамыту үшін семинарға қатысушылар мынадай шаралардың қажет екендігін атап көрсетті:

  • кітап қорларын жыл сайын заман талабына сай келетін қорлармен толықтыруға нысаналы қаржы көздерін бөлудіұлғайту;
  • кітапхананың оқырмандарына ақпарат ресурстарын негізгі жеткізуші ретіндегі рөлін күшейту;
  • кітапхананы басқару құрылымы мен әдістерін жетілдіру;
  • пайдаланушыларға кітапхана-ақпарат қызметін көрсету тиімділігі мен сапалық деңгейін үздіксіз арттыру;
  • кітапханаларының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және кеңейту;
  • кітапхана қызметінің барлық бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды жетілдіру;
  • балалар кітапханалары мектеп кітапханаларымен және бала тәрбиесімен айналысып отырған мекемелермен серіктестік қатынастарды орнатып, дамыту;
  • балалар кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін әрі қарай көтеру;

Семинарға қатысқан аудандарды яғни Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық балалар кітапханасы, Жуалы, Сарысу аудандарын алғыс хаттармен марапаттады. Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Ысқақ Талас, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарына алғыс хаттар берілді. Сөз соңында Мүбарак Қасымқызы қорытынды сөздерімен қорытындылады.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру