детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 63 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023243
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
29
501
1015
2037
12986
982512
1023243
Ваш IP: 3.138.122.195
Время на сервере: 26-04-2024 06:28:24

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Мерзімді басылымдар секторының кітапханашылары Дүйсенова А.,Сүгірбаева А. ұйымдастыруымен 2015 жылдың 12-ші қазанында №33 орта мектебінің 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Батыр Ағаділ Сухамбаев туылғанына 95 жыл» атты тақырыбында әңгіме – презентация өткізілді.

Патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; опат болған жауынгерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, қордағы бар мәліметтерді насихаттау мақсатында «Оққа тосылған отжүрек» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылдыКітапханашы оқушыларға ең алдымен Ағаділ Сухамбаевтың өмірбаяны мен жасаған ерлігі жайында кеңінен мәлімет беріп өтті. Кеңес Одағының Батыры Суханбаев Ағаділ дүниеге келді. (1920-1944)Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. 1939 жылы Диқан орта мектебін бітірген. Туған ауылы Қарасуда тракторшы болып жұмыс істеген. 1940 жылғы қазанда Қызыл әскер қатарына шақырылған. Әскери борышын Том қаласында өтеп жүрген жерінен соғысқа аттанған. 31-ші әскердің 628-ші Қызыл Ту атқыштар полкі құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысып, автоматшылар бөлімшесінің командирі болған. 1944 жылы шілде айында поляк деревнясын азат ету үшін болған ұрыста Александр Матросов ерлігін қайталап, дзоттың ауызын кеудесімен жапқан. Батырдың сүйегі Литва Республикасының Друскиненкай қаласында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылғы наурыздың 24-інде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді2005 жылы Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылған. Авторы - мүсінші Сейіткерім Момыш, сәулетшісі - Рүстем Бодаубеков. Ескерткіш қалалық әскери комиссариаты ғимаратының алдында, Абай мен Қонаев көшелерінің қиылысында.Бүгінгі жас ұрпаққа А.Суханбаевтың өшпес ерен ерліктері мен соғыс кезіндегі ерен еңбектері жайлы айтылды. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпақтары даңқты ерлігін, бейбіт заманда жалғастыруы тиіс. Балаларды өз елін, жерін Отанын сүйетін, қан майданда шайқасқан ата-апаларымыздың қадірін білетін, олардың ерліктерін үлгі етіп жүретін өз елінің патриоты болуға шақырып, жер бетінде ешқашан соғыс болмасын, жер бетінде тек тыныш заман болсын деген тілегімен қорытындылады. Іс-шара кітап көрмесін шолумен аяқталды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру