детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 53 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023296
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
82
501
1068
2037
13039
982512
1023296
Ваш IP: 3.143.0.157
Время на сервере: 26-04-2024 12:20:24

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

   Оқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен, қазақ хандығының тарихындағы қиын қыстау кезеңдерінде жол көрсетіп, басшылық жасап, қазақ хандығын қалыптастырып нығайтуға үлкен үлес қосқан Жәнібек пен Керей хандар туралы тарихи еңбектермен таныстыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, сахна мәдениетіне үйрету. Қазақ халқының басынан өткерген қиындықтарын көрініс арқылы жеткізу, ұлттық сана-сезімдерін ояту. Көпшілік алдында өздерін еркін ұстай білуге тәрбиелеу мақсатында 30 сәуір күні «Ұлы даланың рухы» драмалық көрініс көрсетілді.

    Аталған іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға ең алдымен қазақ хандығының құрылу тарихы, Керей мен Жәнібек хандардың хандыққа келулерінің себептері туралы ақпарат берді. «Жас талант» драма және  «Жас талант» домбыра үйірме мүшелерінің қатысуымен қазақ хандығының құрылу тарихынан сыр шертетін драмалық көрініс көрсетілді. Балалар өлеңдерден үзінді оқып, қасиетті қара домбыраның құлағында күй ойнап, ән шырқады. Қазақ хандығына байланысты дайындалған арнайы сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешті.  Іс-шараны Жамбыл облыстық балалар мн жасөспірімдер кітапханасының директоры М.Е.Ысқақ қорытындылап, балаларды өз Отандарының, қазақтың қазақ болып қалыптасу тарихын, қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібектей хандарымызды біліп жүруге, өз елінің патриоты болуға шақырды. Белсене қатысқан балаларға алғыс хат беріліп, марапатталды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру