детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 57 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023281
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
67
501
1053
2037
13024
982512
1023281
Ваш IP: 3.21.106.69
Время на сервере: 26-04-2024 10:57:00

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

 
     Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залы секторының кітапханашысы М.А.Расулованың ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына байланысты «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» атты этно-саяхат өткізілді.  
     Қазақ халқының ұлы ғалымының өмір сүрген ортасы мен ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушыларды Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы таныстыру. Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу, заман  ұрпақтарына қыр сахарасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде Шоқан Уәлиханов ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданып, жан-жақты ғалым болғанын ұғындыра білу. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, философия ғылымдары саласында жемісті еңбек етті. Жазушы, публицист, аудармашы, суретші де болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғана өмір сүрсе де, кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды. Іс-шара соңында «Шоқан мұрасы-дәуір шежіресі» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады. 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру