детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023051
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
338
182
823
2037
12794
982512
1023051
Ваш IP: 3.144.104.29
Время на сервере: 25-04-2024 08:01:00

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. «Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз - әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс - бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз – ол тіліміз.

   Әрбір халықтың ана тілі-жүрегінің үні. Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу. Елімізде тұратын ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, өз ана тілінің қадір-қасиетін, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету мақсатында 16 ақпан күні Ушинский атындағы № 23 мектебінің қабырғасында 3 сынып оқушыларымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Өз тіліңді құрметте» тақырыбына арналған қызықты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға ана тіліміз халқымыздың рухани байлығы, өткеніміз бен бүгінгіміз, ертеңіміз бен болашағымыз, елдің елдігінің айғағы, салт-санасы, дәстүрі, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелін айтып өтті. Балалар тіл туралы өлеңдерін, білетін мақал-мәтелдерін оқыды. Ана тілінің қоғамдағы орны туралы айтылды. «Мақал жауап» яғни мақалдың бір жолы айтылып, оқушылар жалғасын тапты. Өзге де ұлттардың ұлы ақындары ана тілін биік ұстап ырымдай қастерлейтіндіктерін жеткізді. Мемлекеттік тіліміз, өз ана тіліміз қазақ тілінің деңгейін көтеру Қазақстан азаматтарына жүктелетін міндет екенін естен шығармауымыз керектігі жөнінде айтылды. «Өз тіліңді құрметте» атты әңгімеміз кеңінен айтылды. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру