детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1006054
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
120
2487
7673
8471
23542
982433
1006054
Ваш IP: 3.81.184.170
Время на сервере: 29-03-2024 08:33:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

         Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, Жастарға бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл толуына орай оқу залы секторы 03.02.2015 жылы   Керімбай атындағы  №12 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан – этносаралық, конфессияаралық келісім моделі» тақырыбында конференция өтті.

 

Қасиетті қазақ жерін татулықтың төл иесі деп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл мерейтойы. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болып, қолымызбен құрған Ассамблеяның өмірге келгеніне жиырма жыл толып отыр. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналғандығы жөнінде конференцияға қатысушы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары: Мейрамбек Назым, Садыкова Анель, Ануарбек Айгерім, Әбірбек Арайлымның  түрлі  тақырып бойынша дайындалған  баяндамалары тыңдалды. Конференция қонақтары Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы У.К.Бабакулова,                      М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер кафедрасының профессоры, «Әулие-Ата» қазақ - мәдени орталығының ақсақалдар алқасының төрағасы Есілбек Төребайұлы Бимурзаев, «Кориё» кәріс - этномәдени қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрайымы Л.В.Ким, «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығының қауымдастықтары қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі А.Н.Камалов, «Борбанг» күрділер ассоцасиясының Жамбыл облысындағы филиалының мүшесі                    А.И. Сулейменов Жамбыл облысындағы «Полонез» поляк тілі мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігінің аналар мен әйелдер кеңесінің мүшесі А.Плетнёва, жалпы елімізде соның ішінде облысымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарын ашып айтып, жасөспірімдерді патриоттық рухқа баулыды. Сондай-ақ «Тілегіміз - татулық, тірегіміз - тұрақтылық» кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру